Әдебиет пен көркем шығармаларлы қорғайтын Берн конвенциясы

Әдебиет пен көркем шығармаларлы қорғайтын Берн конвенциясы – 1886 жылы Швейцарияда, Берн қаласында қабылданған авторлық құқық саласындағы халықаралық келісім. Бұл саладағы ең алғашқы және кілтті халық аралық келісім болып табылады.
Тарихы. Берн конвенциясы 1886 жылы 9 қыркүйекте Швейцарияның Берн қаласында қабылданды. Конвенцияның алғашқы мүшелері Бельгия, Германия, Франция, Испания, Ұлыбритания, Тунис пен Швейцария болды. Конвенция бірнеше рет қайта қарастырылған.
Берн конвенциясына қатысты әкімшілік қызметті ВОИС (Всемирная организация интеллектуальной собственности) атқарады. 2010 жылға қарай Берн конвенциясының мүшелері 164 мемлекет болды.
Негізгі принциптері. Конвенция халықаралық авторлық құқықтың принциптерін бекітеді:
1. Ұлттық режим принцпипі. Конвенцияның әрбір мүше елі өз азаматтарына, басқа мүше елдер азаматтарына ұсынатын авторлық құқықтарды береді. Конвенциядағы туындылардың кез келген тексерулері, сол туындылар қолданылатын елдің заңдары бойынша жүргізіледі.
2. Қорғау еркіндігінің принципі. Әр елдегі туындыларды қорғау басқа елдердегі туындыларды қорғаудан тәуелсіз болады.
3. Автоматты қорғау принципі. Авторлық құқық қандай да бір алдын ала формальдылықтың қолданылуын өажет етпейді және автоматты түрде туындының материалды формада (концепцияның мүше елдерінің азаматтары үшін) немесе алғашқы басылымда (мүше елдерде басылып шығарылған шетел авторларының туындылары үшін) тіркелуі кезінде туындайды.
4. Авторлық презумциясы. Қайшылықтардың дәлелдеулері болмаған жағдайда, автор болып, есімі мен псевдонимі кітаптың сыртында көрсетілген адам саналады. Конвенцияда авторлықтың ұғымы болмайды, сондықтан әр түрлі елдерде кейбір туындылардың авторлығы жөніндегі ұғым ерекшеленуі мүмкін.
Конвенциямен бекітілетін құқықтар. Берн конвенциясы, конвенцияның мүше елдері ұсынуы тиісті авторлық құқықтардың минималды деңгейін бекітеді.
Конвенция авторларға келесі ерекше құқықтарды береді:
• Елестетуге (воспроизведение) құқық;
• Аударуға құқық;
• Көпшілікке мәлімдеу құқығы;
• Көпшілікке орындау құқығы;
• Көпшілікке оқытылу құқығы;
• Туындыны өзгертуге, аранжировкалауға берілетін құқық;
• Туындыны кинематографиялық өзгертуге берілетін құқық.
Бұл құқықтардың минималды мерзімі көптеген туындылар үшін автордың бүкіл өмірі болып және оның өлімінен кейін елу жыл ішінде беріледі.