Селекциялық жетістіктерді құқықтық тіреу

Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңына сәйкес:
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
13) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын өсімдіктің патент берілген жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы;
14) селекциялық жетістік авторы (селекционер) - сортты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсіріп шығарған жеке адам;
3-бап. Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау
1. Селекциялық жетiстiкке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады.
2. Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнiнен селекциялық жетiстiктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткiзудi селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызмет түрі ретіндемемлекеттiк комиссиялар жүзеге асырады, олар өндiрiсте пайдалануға жiберiлген тиiстi Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзедi.
3. Патентпен селекциялық жетiстiкке берiлген құқықтық қорғау көлемi сорттың, тұқымның сипаттамасына енгiзiлген белгiлердiң жиынтығымен анықталады.
4. Өсiмдiктер сортына патенттiң қолданылу мерзiмi сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күннен бастап - 25 жыл, мал тұқымдарына - 30 жыл, жүзiм, сәндiк ағаш, жемiс және орман дақылдары сорттарына, оның iшiнде олардың қалемшелерiне - 35 жыл болады.
Патенттiң қолданылу мерзiмiн патент иесiнiң өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган ұзартады, бiрақ ол 10 жылдан аспауы керек.
3-1-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
1. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2. Уәкілеттi органның құзыретiне:
1) селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға қатысу;
2) селекциялық жетiстiктерге патенттер беру;
3) селекциялық жетiстiктердi пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану;
5) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
3-2-бап. Сараптама жасау ұйымы
1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға (селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салалардағы қызметтi жүзеге асыратын, уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.
2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдер қабылдау;
2) селекциялық жетiстiктерге алдын ала сараптама жүргiзу;
3) селекциялық жетiстiктердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
4) селекциялық жетiстiктер туралы мәлiметтер жариялау;
5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.