Топологияны тіркеу
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңына сәйкес:
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық көзде тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
11-бап. Топологияны тiркеу
1. Топологияның авторы немесе өзге де құқық иеленушi тiркеуге өтiнiм беру арқылы топологияны уәкiлеттi органда тiркеуге құқылы.
2. Егер топология бұрын пайдаланылса, тiркеуге өтiнiм беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Тiркеуге өтiнiм бiр топологияға қатысты болуға тиiс және онда:
1) тiркеудi сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетiлген топологияны тiркеуге өтiнiш;
2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;
3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлсе, сенiмхат болуға тиiс.
Тiркеуге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Тiркеуге өтiнiм түскеннен кейiн уәкiлеттi орган қажеттi құжаттардың болуын және осы баптың 3-тармағында жазылған талаптарға олардың сәйкестiгiн тексередi. Тексеру оң нәтиже берген жағдайда уәкiлеттi орган топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi, өтiнiш берушiге топологияны тiркеу туралы куәлiк бередi және тiркелген топология туралы мәлiметтердi бюллетеньде жариялайды.
Өтiнiш берушi мәлiметтер бюллетеньде жарияланғанға дейiн өтiнiм материалдарын уәкiлеттi органның сауал салуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.
Тiркеу тәртiбiн, тiркеу туралы куәлiк нысанын, онда көрсетiлетiн мәлiметтер құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәлiметтер тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Құқық иеленушi болып табылмайтын топология авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын куәлiк бередi.
5. Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мәлiметтер дұрыс емес деп дәлелденбейiнше дұрыс деп есептеледi.
Аталған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш берушi жауапты болады.
6. Уәкiлеттi органның куәлiктер беру және шарттарды тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
«Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, рәсiмдеу, тiркеу және куәлiк беру ережесiне» сәйкес:
2. Өтiнiмдi жасау және беру
8. Топологияны тiркеу туралы өтiнiш мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде ұсынылады. Өтiнiмнiң басқа құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде ұсынылады. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары басқа тiлде ұсынылса, өтiнiмге олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тiркеледi. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе басқа тiлдегi құжаттарды қамтитын өтiнiмнiң уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы тиiс.
9. Топологияны тiркеуге өтiнiш үш данада, рефератты және олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудармасын қоса алғанда, топологияны сәйкестендiретiн материалдар екi данада ұсынылады.