Ницце келісімі
Белгілерді тіркеу мақсаты үшін тағайындалған Тауарлар мен қызметтердің халықаралық (Nice) классификациясы (бұдан әрі - ТҚХК) Ницца дипломатиялық конференциясына қатысушы елдерімен 1957 жылдың 15 маусымында жасалған Келісіммен қабылданған және 1967 жылы Стокгольмде, 1977 жылы Женевада қайта қаралды және 1979 жылы өзгертілді. Ницца келісіміне қатысушы елдер Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж одағы шеңберінде белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің бірыңғай классификаторын қолданатын Арнайы одақты құрады. Ницца келісіміне қатысушы әрбір ел белгілерді тіркеген кезде ТҚХК басшылыққа алу қажет немесе негіз (жалғыз) немесе көмекші классификатор ретінде ресми құжаттарда да, белгілерді тіркеу туралы баспаларда да белгілерді тіркеуге қатысты тауарлар/қызметтер тізбесіндегі ТҚХК класс нөмірін көрсету қажет. ТҚХК қолдану Ницца келісіміне қатысушы елдердегі белгілерді ұлттық тіркеу үшін ғана міндетті емес, сонымен қатар Белгілерді мемлекеттік тіркеу туралы Мадрид келісімі мен белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің Хаттамасына сәйкес БЗМҚ Халықаралық бюросы жүзеге асыратын белгілерді халықаралық тіркеу үшін, сондай-ақ Зияткерлік меншіктің Африкалық ұйымы (OAPI), Ішкі нарықты үйлестіру бойынша ұйым (OHIM), Бенилюкстің тауарлық белгілері бойынша ведомствосы (ВВМ) және Зияткерлік меншіктің жергілікті Африкалық ұйымы (ARIPO) белгілерді тіркеу үшін міндетті. ТҚХК Ницца келісіміне қатысушы болып табылмайтын кейбір елдер де қолданады (елдер тізбесін төменірек қара). ТҚХК негізіне Зияткерлік меншікті қорғау бойынша Біріккен халықаралық бюросымен (BIRPI) әзірленген Классификация – бұдан бұрынғы 1935 жылы БЗМҚ жатыр. 34 класстан және тауарлардың алфавиттік тізбесінен тұратын дәл осы Классификация Ницца келісімімен қабылданды және кейінірек қызметтердің 11 классымен және осы қызметтердің алфавиттік тізбесімен толықтырылды. Ницца келісімімен Сарапшылар Комитетін құру қарастырылған, онда Келісімнің барлық қатысушы елдері ұсынылған. Сарапшылар Комитеті Классификациядағы барлық өзгерістер, соның ішінде әр түрлі класстар арасындағы тауарлар мен қызметтерді ауыстыру, алфавиттік тізбенің өзгеруі және қажетті түсіндірме жазбаларын енгізу туралы шешімдерді қабылдайды. Сарапшылар Комитеті 1961 жылғы 8 сәуірден Ницца келісімі күшіне енген кезінен 20 сессия өткізді. Комитеттің аса маңызды жетістіктері ұсыну нысанына қарамастан тауарлар мен қызметтердің алфавиттік тізбесін жалпы қайта қарау (1970 жылдан бастап); Жалпы ескертулердің, класс тақырыпшаларының және түсініктемелерінің маңызды модификациясы (1982 жылы); әрбір жеке тауар/қызмет үшін «базалық нөмірі» енгізу (1990 жылы) болып табылды, ол қолданушыға кез-келген тілдік версиядағы Классификатордың алфавиттік тізбесінде тиісті тауар/қызметті табуға; 43-тен 45 классты құрумен 42 классын қайта қарауға мүмкіндік береді (2000 жылы). 2005 жылы қазанда болған жиырмасыншы сессиясында Сарапшылар Комитеті Ницца классификаторының сегізінші редакциясында өзгерістерді қабылдады.
ТАУАРЛАР ҮШІН
a) Дайын өнім негізінен олардың қызметтеріне немесе тағайындалуына сәйкес классификацияланады. Егер ондай «Тауарлар мен қызметтер классының тізбесі түсініктемелерімен» бөлімінде айтылмаса, онда дайын өнімдер «Түсініктемелерімен тауарлар мен қызметтер классының тізбесі» немесе Алфавиттік тізбесі бөлімінде бар басқа да осындай өнімдері бойынша классификацияланады. Егер қызметтер мен тағайындаулар табылмаса, онда көмекші критерийлермен, мысалы, өнім жасалған материалды немесе оның әрекет ету принципін басшылыққа алу қажет.
b) Көп мақсатты бағыттағы дайын өнімдер (осындай радиооятқыштар) атқарылатын қызметтер немесе тағайындауды орындауға сәйкес белгілі класстарға жатуы мүмкін, ал егер бұл қызметтер мен тағайындаулар класстардың бірде бір тақырыпшаларында аталмаса, онда а) тармағында қалыптасқан критерийлерді басшылыққа алу қажет.
c) Өңделмеген немесе жартылай өңделген шикізатты негізінен, оның құрамындағы материал бойынша классификациялау қажет.
d) Басқа өнімде қолдану үшін тағайындалған тауарлар негізінен, ол басқа мақсатта қолданбаса, онда соңғысы сияқты класста болады. Осындай тауарлар классификациясы үшін барлық жеке жағдайларда а) тармағында қалыптасқан критерийлерді басшылыққа алу қажет.
e) Егер жайын өнім немесе жартылай фабрикаттар олар жасалған материал бойынша классификацияланса, онда әр түрлі материалдардан өнім жасалған кезде, құрамындағы басым материал бойынша классификациялау қажет.
f) Тауарларды қаптау және сақтау үшін тағайындалған ыдыс тауар жататын классқа жатады.
ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН
1. Қызметтер негізінен класс тақырыпшасымен меңгерілетін қызметтер бағыттарына сәйкес және Класстарға біріккен тауарлар мен қызметтер тізбесінің немесе Қызметтердің алфавиттік тізбесінің ұқсас қызметтері бойынша тиісті түсініктемелерге сәйкес классификацияланады.
2. Жалға беру қызметтері негізінен, жалға беру объектілері көмегімен жүзеге асырылатын қызметтер жататын класстарда классификацияланады (мысалы, телефонды жалға алу – 38 класс).
3. Кеңеске немесе ақпаратқа байланысты қызметтер негізінен, кеңес немесе ақпарат объектісі болып табылатын қызмет сияқты класқа жатады, мысалы мәселелер бойынша: тасымалдау – 39 класс, коммерциялық істермен басқару – 35 класс, қаржы істері 36 класс, косметика – 44 класс.