Ұжымдық тауар таңбасы

Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 ж. 26 шілдедегі Заңына сәйкес:
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы;
8-бап. Өтiнiм беру
2. Ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын пайдалану туралы оған қатысушылардың келiсiмiне сәйкес бiрлестiк атынан берiледi.
9-бап. Tayap таңбасына берiлетiн өтiнiмге қойылатын талаптар
3. Өтінiмге:
3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.