Авторлық құқықтың қолданылу аясы
ҚР-ның 1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес:
II ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
5-бап. Авторлық құқықтың қолданылу аясы
1. Осы Заңға сәйкес авторлық құқық:
1) ҚР-ның аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан ҚР-ның аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады;
2) ҚР-нан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ ҚР-нан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және ҚР-ның азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады
3) ҚР-нан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ ҚР-нан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.
2. Егер туынды ҚР-нан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейiнгi отыз күн iшiнде ҚР-ның аумағында жарияланса, ол ҚР-нда жарияланды деп саналады.
3. ҚР аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.
4. ҚР бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол ҚР бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан ҚР-нда қоғамның игiлiгiне айналмаса, туындыға қорғау берiледi.