ҚР-ның патенттік құжаттамасы
Қазақстанның патенттік құжаттамасына қазақ және орыс тіліндегі бюллетендер жатады. «Өнеркәсіп меншігі»-өнертабыстың жалпы бейнесі мен Қазақстан Республикасының пайдалы моделдерін қорғау құжаты болып табылады.
Өнеркәсіп меншігінің пайдалы модельдерімен Қазақстан Республикасының қорғау құжаттамасы.
Алдын-ала берілетін патенттер жайлы мағлұматтар керекті модельдер арнайы патенттік бюллетенде жарияланады «Өнеркәсіп меншігі» - өтінімнің берілу күнінен 18 ай өткенше.
Бұл мағлұматтар өтініш берушіден уақытынан бұрын жариялануы мүмкін. Патент берілу жайлы мағұматтар бюллетенде 2 ай бойы тіркеу күнінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрінде жарияланады.
Өнертабыстың пайдалы моделдердің қорғау құжаттамасының Қазақстан Республикасында жариялануы 1993 жылдан басталды. Арнайы патенттік бюллетеннің «Өнеркәсіп меншігі» - Қазақстанда патентті және пайдалы моделді алдын ала жариялауға болады, титулдық парағы, жариялау мәтінінің формуласымен графикалық мәліметтер болады.
Титулдық парағында шығарылатын өнімнің сипаттамасы мен библиографиялық мәліметтер келесідей болады:
(19)-жарияланған елдің коды;
(11)-алдын-ала алу патентінің нөмірі;
(13)-БӨҰЖ ST16 стандарты бойынша құжат түрінің коды;
(21)-өтінім берушінің тіркелген нөмірі;
(22)-патенттік ведомстваға өтінім берілген күні;
(31)-өтінімнің бірінші нөмірі;
(32)-өтінімнің бірінші берілген күні;
(33)-өтінім берген бірінші елдің коды;
(45)-жарияланған күні;
(51)-МПК-нің индекстері;
(54)-пайдалы модель немесе өнертабыстың коды;
(57)-пайдалы модель немесе өнертабыстың рефераты;
(56)-сараптама жүргізіп жатқан кездегі ақпараттардың адресі;
(72)-авторлардың аты-жөні егер олар бар болса;
(73)-патент иесінің аты - жөні немесе құжат қорғаушының аты-жөні;
Патент иеленуші мен автордың аты-жөні бірдей болса 76 код қарастырылады, 72-73 кодтар қарастырылмайды.Өнертабыс иесі өз аты-жөнін айтудан бас тартса титул парағына 72 код шығарылмайды.
(74)-патентті сынаушы немесе сынаған мүшелерінің аты-жөндері.
(85)-22 бап 39(1) РСТ бойынша халықаралық өтінімнің ұлттық фазаға өту күні.
Арнайы бюллетен «Өнеркәсіп меншігі».
1993 жылдан бастап (№1-3) өнеркәсіп меншігінің арнайы блютені орыс, қазақ тілдерінде жарияланды 1994-1996 жылдар аралығында оның шығарылуы жарты жылда шығып отырды, 1997 жылы 5 басылымы басылып шықты, 1998 жылдан бастап ай сайын шығатын болды.
Бюллетен келесі бөлімдерден тұрады:
-нормативтік құқықтық құжат;
-өнертабыс (пайдалы модель мен патенттер);
-пайдалы модельдер;
-өнертабыстың үлгілері;
-тауар белгілері, қызмет көрсетулермен тауар өндірушілердің аттарының белгіленуі;
-хабарландыру;
-сілтемелер;
Тауар белгілері тауар шығарушы органдарының қызмет көрсетушілер 1995 жылдан бастап жариялана бастады және 2000 жылға дейін бюллетеннің екінші бөлімі «Өнеркәсіп меншігі» болып бөлек жарияланды. 2001 жылдан бастап өнеркәсіп меншігі бөлінбей шығатын болды. «Өнеркәсіп меншігі» құжатының екінші бетінде басты кодтар өнертабысшылардың библиографиялық мәліметтері, пайдалы модельдер, тауар белгілері, тауар орындарының белгілері енгізілген. ST 16 БӨҰЖ құжатты қорғау үшін әріптік кодтар көрсетілген:
А-өнімнің алдын-ала патенттелуі;
В-шығаратын өнімге патент алу;
U-пайдалы моделге патент;
S1-өндірістік үлгіге алдын -ала патент;
S2-өндірістік өнімге патент;
Шығарылған өнімнің жариялау формуласы, пайдалы модельдер, жарияланған класстың өндірістік үлгілері арнайы бюллетендер өнеркәсіп меншігінде берілген өтінім өз тілінде беріледі. Мысалы: егер, өтінім қазақ тілінде берілген болса, өнімнің формуласы мен пайдалы моделі қазақ тілінде жарияланады ал, орыс тілінде библиографикалық мәліметтері ғана беріледі. Егер өтінім орыс тілінде берілсе, шығарылатын өнімнің формуласы пайдалы моделдері өнімнің үлгілері мен тауарлық белгілері де орыс тілінде шығарылады, қазақ тілінде бұл мәліметтер құжат күйінде қалады.
Заң шығарушы құжаттар және құрылымды әдістемелік мәліметтері.
Қазақстанда барлық заң шығарушы нормативтік және құрылымды әдістемелік мәліметтер жеке меншік өндірушілердің объектілерін қорғау мақсатында бюллетеннің басында басылады. Бұл бөлім нормативтік заң шығарушы құжаттардың 1-бөлімінде айтылған. Мысалы: 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының патенттік заңы қазақша және орысша тілдерінде өнеркәсіп меншіктерінің арнайы бюлетенінде жарияланған келесі бюллетенде шығарылған өнімдер туралы мәліметтер жазылған. Ол екі бағытқа бағытталған: алдын-ала патент және патенттеу.
(54)-өсімдіктерді шірінділерден, бактериялардан және паразиттерден қорғау тәсілдері;
(57)-өсімдіктерді қорғау тәсілі екі әрекеттесуші заттардан құралған: комп
Алдын-ала патенттеу библиографиялық мәліметтер арқылы беріледі. Бұл түр коды мен құжат нөмері, МПК индексі, өтінім берушінің тіркелу нөмері, өтінім берілу күні, автордың тегі, патент иесі, өнімнің аты көрсетіледі. Алдын-ала патент алу нөмірі МПК рұқсатымен жарияланады. Патенттің құрамына библиография кіреді алдыңғы патенттер сияқты, сонымен бір өнертабыс формуласы да кіреді. Жариялану МПК бойынша орналастырылады. Патенттің басты нөмері жойылды. Бұл патенттің алдыңғы нөмірін сақтауына байланысты.
Өнертабысқа артынша бюллетенде патенттік пайдалы модел жайында бөлек бөлімде ақпарат беріледі.
(54)- (57) сұйыққоспалар ығыстырушы барабанда тығындалған ұстағыш т.б тұрады.
Мәліметтердің көлемі патенттер жайлы мәліметпен өнертабыс әрқашан пайдалы модельдің сызбасынан тұрады. Жариялаулар МПК және құжаттардың нөмерімен болады. Келесі бөлім өнеркәсіптік үлгідегі мәліметтерден тұрады. Өнеркәсіптік үлгіге алдын-ала патенттер және патенттер беріледі, бұл бөлім екіге бөлінеді.
FG4L Патенттері
(11) (s1) 128
(51) 9-01
(21) 980012.3
(22) 27.07.1998.
(76) Пекарев В.Я (RU)
(54) Араққа арналған штоф.
(55)
(57) Сипаттамасы:
-- штоф шешімімен, тіктөртбұрышты параллелепипед түрінде көрсетілген корпуспен, жоғары сфералық бөлігімен, қысқа мойыншамен жапқышқа орын.
-- штоф корпусының жалпақ бетті шекпен, орталық бөлікке иілген үш шекпен, қырынан және төмен қарай жалпақ, және шектің қиылысу жерінде қырлық қабырғалармен түйісіп орналасуында
-- шектердің аркадамен безендірілуі, қиылысқан қабырғалардың сызығы болып табылатын вертикальдармен безендірілуі, аркобейнелі сызықтар жоғары корпус бөлігінен өтеді
-- корпус декарациясы, аркобейнелі сызықтардың жиегінде орналасқан қиылысушы үш қабырғалар периметрі бойынша
-- мойыншада орналасқан төменгі дөңгелек жиектің болуымен
-- корпус бетінің жолдық жазумен безендірілуі “АРАҚ” сөзінің жазылуы, штоф сыйымдылығының мәнімен көрсетілуі
-- жоғарғы бөлігінің иіліп жасалуы
-- жоғарғы бөліктің ромашка гүлдермен безендірілуі
-- жоғарғы бөліктің төрт жағына екібасты бүркіттің бейнесін салу
-- штофтың беттік шегінде жазулы тікбұрышты жолдардың әрлендірілуі
-- Ойықшаның артқы жақ қабырғадан тіке жасалуы.
Өндірістік үлгі мәліметтерінің құрамына жататындар: түрінің коды және құжат нөмірі, өтінімнің тіркеу нөмірі, өтінім беру мерзімі, МКПО индексі, ойлап табушылардың, патент иеленушілердің аты жөні, өндірістік үлгі атауы, бар белгілер жиынтығы және өндірістік үлгінің бейнесі. Публикация ішіндегі әрбір бөлім бойынша құжат нөмерінде көрсетілген.