Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары

Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдабың бірі бюллетень-тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылымы: Тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқықының иесі-кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын,осы заңға сәйкес тауар таңбасына айырықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие заңды тұлға немесе жеке тұлға:
Өтініш беруші тауар таңбасын тіркеуге немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтініш берген заңды немесе жеке тұлға. Тауар шығарылған жердің атауы – бұл ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және адам факторларымен байланысты белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық көрсеткіш.
Тауар таңбасы,қызмет көрсету таңбасы осы заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын,бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан қызметінен ажырату үшін қызмет ететін белгі. Қазақстан Республикасының тауар таңбалары,қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңдары. Қазақстан Республикасының тауар таңбалары, қызмет таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңдары осы заңнан және .Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беру, Тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп танудың тәртібін анықтау;
Таар шығарылған жерлердің атауын тіркеудің және тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалануға құқық берудің тәртібін анықтау;
Тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын,қызмет көрсету таңбаларын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау;
Хаттамаларды жазу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау әкімшілік жазалар қолдану ,осы заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады. Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау осы заңда белгіленген тәртіпте оларды тікеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Респбликасының халықаралық шарттарына орай тіркеусіз беріледі.