Дұрыс тамақтану
Тамақтану әдеті бала кезден қалыптасады және де қисынсыз тұжырымдалған дағдылар өмір бойы сақталып, адам ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сондықтан бір жарым жастағы балалардың 5 уақыт тамақтануын 4 ке азайтып дағдыландыру қажет.Сүт, жарма, ұн өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектермен қоса ет және балықтан жасалған тағамдар баланың күнделікті ас үлесінде болуы шарт. Ал ет өнімдерінен сиыр, тауық, үй қоянының еті және майы жоқ қой етін берген жақсырақ.Еттің майсыз сұрыптарын , терісіз тауықты.
Ірімшік пен қаймақты бір жарым жастан беруі керек. қақталған,сүрленген шұжық өнімдерін 2 жасқа дейін жегізбеген жөн.Сонымен қатар қаз бен үйрек
етін 3 жасқа дейін балаңыздың ас мәзіріне қоспаңыз.
Аздап қуырылған тағамды 1 жасқа толан балаларға беруге болады. Ал 3 жастан кейін толық қызартып қуырылған тағамды берсеңіз болады. 1 жастан кейін езілген тамақтың орнына ұсақтап туралған тағамға көшкен абзал. Ал 3 жастағы бала ұсақталған тағамның орнына жанұясымен бірге дастархан
басында отырып тамақтануына әбден болады.Бірақ естеріңізде болсын:
баланың тамақты аз ішуімен қатар қарынын тойдырып тамақтану да бала ағзаға зиян келтіреді.
Балаңыздың дене дамуына басты назар аударыңыз және оның бойы мен салмағына қалыпты жағдайдан ауытқымауын қадағалаңыз.Қыз балалардың рационында эритроциттерді қалыптастыруға көмек беретін, құрамында темірі бар тағамдар болуы керек. Ал ұл балаларға цинк және Е витаминіне бай тағамдар көбірек қажет.
Тәтті тағамдар – балалардың артық салмақ қосуына бірден бір себеп. Сонымен қатар, тәттілердің тіс шірігіне әкеп соқтыратын зиянын естен шығармау керек. Қантты артық тұтыну баланың тәбетін жойып, қоректік заттарды бойға сіңіруге қолайсыз жағдай тудырады. Негізінде, тамақтану әдеті ата-анасы қалыптастырған жанұядағы дастархан дәстүріне тікелей байланысты. Сондықтан: салауатты тиімді тамақтанудың қағидаларын ұстаныңыздар!