Кекіріктен қалай құтылуға болады?
Көптеген адамдарды кекірік (түсінікті тілмен айтқанда асқазандағы газдың ауыз қуысынан шығуы) мазалап жатады. Ал мұның себебі көбінесе адам газдалған сусындарды жиі пайдаланғандықтан, тамақты өте тез жегендіктен, тамақтанып жатқанда сөйлеп, тамақпен қоса ауа жұтқаннан болады. Сонымен қатар тағам түрлері де әсер етеді. Яғни асбұршақ, үрмебұршақ, қырыққабат, ыстық нан секілді заттардан дайындалған тағамдар ішке желдің жиналуына себепкер. Осы тағамдарды жеген соң іштегі желдер кейде ауыз қуысынан шығып жатады. Бұл жағдай кейде көпшілік орындарда ыңғайсыз жағдайға қалдырып жатады. Назарларыңызға кекіріктен құтылудың жолдарын ұсынамыз.
Кекірудің басты себебі асқазан мен өңеш ортасын бөліп тұратын бұлшықет механизмінің бұзылысынан пайда болады. Егер де сізді үнемі кекірік мазаласа, онда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Жиі қайталанатын болса, асқазан немесе аш ішек жолдарында ақау бар екендігін білдіреді. Мәселен:
• Ауызда қышқыл дәм пайда болса, онда қышқылдығы жоғары гастрит немесе асқазан жарасы ауруларынан;
• Ауыз қуысынан жеген тағамдар немесе ащы сарғыш су шықса, өт жолдарының дертінен;
• Кекіргенде ауыз қуысынан ащы қақырық шығатын болса, онда асқазандағы қатерлі дерттен хабар береді.
Дерттен айығу үшін:
• 1 стақан суға 2 шай қасық алма сіркесуын құйып, тамақтанғанда бр жұтымнан ішеді. 7-10 күнде нәтижесін береді.
• 100 гр мүкжидек (клюква) шырынына 100 гр алоэ шырыны, 1 шай қасық бал қосып, 200 мл қайнаған суға араластырады. Мұны 1 апта бойы күніне 3 рет 1 қасықтан ішіп отырады. Емді 1 айдан соң қайта жалғастырады.
• Ешкі сүтін күніне 3 рет жарты литрден ішіп отыру қажет. 3 айдан соң кекіріктен мүлдем құтыласыз. Кейде бұл мезгілден де ерте шипасы болуы мүмкін. Бұл ем түрі ең үлкен деген кекіріктің өзін жазады және қайталанбайды.
• Егер кекірік асқазан дертінен пайда болатын болса, тамақтан соң суға сода немесе магнезиядан шай қасықтың ¼ бөлігін қосып ішеді.