Ағылшын тілін үйренуге арналған фильмдер

Шеттілін үйренемін деген адамға мүмкіндік көп. Міндетті түрде курсқа барып, уақыт пен ақшаға шығын шығармай-ақ, шын талпынсақ өздігімізден үйренуге болады. Сайтымыздан ағылшын тілін үйренуге арналған сабақтар мен ойындар, қосымшалар таныс болар, тіл үйренуге ыңғайлы фильмдерден де хабардар болыңыздар.

Темір әйел (The Iron Lady)



Тарихты білген жақсы, ал өзге елдердің тарихын, тілін білген тіптен жақсы. Сондықтан Маргарет Тэтчер өмірі туралы түсірілген фильм сізді жалықтырмайды. Ұлыбританиялақ акцентпен сөйлейтін академиялық ағылшын тілін үйренуге осы фильм көмегі көп болмақ.

Шрек (Shrek)



Көңілді фильм ағылшын тілін үйренгісі келетін ересектер мен балаларға да көмек болады. Кейіпкерлердің сөйлеу мәнері анық, қысқа-қысқа сөзден әртістер бір-бірін іліп әкетіп сөйлейді. Қағытпа қлжың мен әсем әуен де іш пыстырмайды.

Ару мен құбыжық (Beauty and the Beast)



Бала кезден сүйіп көретін мультфильміміз ағылшын тілін үйренуді енді қолға алғандарға ұтымды таңдау болмақ. Фильм кейіпкерлері анық та түсінікті сөйлейді. Қиын сөздерді қолданбай, анық сөйлейтін болғандықтан, тіл білуі орташадан төмен деңгейдегі адамдарға да түсіну аса қиынға соқпайды.

Көлдегі үй (The Lake House)



Романтикалық сөздерге машықтанып, ағылшын тілін жазбаша нұсқада дамытуға арналған ең жақсы фильмдердің бірі. Екі кейіпкер, екі мезгіл және бір пошта жәшігі. Киана Ривз бен Сандра Буллок ағылшын тілінде хатты сауатты жазуды үйретеді.