Тәмсіл
Бірде ұстаздан сұрапты:
- Кедейге келсең, ол ашық жарқын және білгенінше көмектеседі ал байға келсең ол ешкімді көрмейді. Неге?
Сонда ұстаз:
- Терезеге қарашы, не көріп тұрсың?
- Әйел мен баланы, базарға бара жатқан арбаны...
- Дұрыс, ал енді айнаға қарашы, не көріп тұрсың?
- Өзімді.
- Енді қара. терезе де айна да шыныдан. Аз ғана күмістен өз өзіңді ғана көресің.