«Семей машина құрастыру зауыты» жаңа өндіріс түрін ашпақ
Минск автокөлік зауытымен ынтымақтастық байланыс орнатқан «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ 2015 жылы кәсіпорында беларустық әріптестерінің көмегімен «МАЗ» автотехникаларын құрастыратын жаңа өндіріс түрін ашуды жоспарлап отыр деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Аталған инвестициялық жобаның құны қазіргі күнде 1,5 млрд теңгені құрап отыр.
Сонымен бірге бұл көлемді жобаны зауыттың өзі құрамына кіретін «Қазақстан инжениринг ҰК» АҚ қаржыландырмақ дейді олар.
Сондай-ақ, кәсіпорынның бас директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, қазір зауытта заманауи жаңа құрал-жабдықтарды орналастыратын өндіріс алаңдары дайындалып жатыр.
«2013 жылы Минскідегі автокөлік зауытымен бірлесе отырып «МАЗ» маркілі автокөліктерінің тіркемелерін шығаруға кіріскен семейлік зауыт бүгінде олармен өзара байланыстарын екі бағытта жалғастыруда. Біріншісі - «МАЗ», «КамАЗ», басқа да ауыр жүк көліктерінің тіркемелерін шығару болса, екінші бағыт - алдағы жылы жаңадан ашылатын өндірісте - «МАЗ» кәсіпорынның бас директоры Нұрлан Омаров.
Естеріңізге сала кетсек, Семей Машина Жасау Зауыты 1969 жылдан бері Ресейдегі Рубцовск машина жасау зауытының дербес бөлімшесі ретінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның негізінде 1988 жылдың қаңтарында құрылған. 1993 жылдан бері акционерлік қоғам болып қалыптасты. 2003 жылдың наурыз айынан “Қазақстан инжиниринг” ҰАҚ-ның құрамында болған кәсіпорын қарлы, батпақты жерде жүретін көлік, шынжыр табанды тартқыш шығарады. Сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін дайындайды.