«Лексус Қазақстан» гибридті жетегі бар жаңа авто іске қоспақ
Бүгін Алматыда ресми қызмет еткеніне бір жыл толған «Лексус Қазақстан» компаниясы өткен жылды қорытындылап, гибридті жетегі бар автокөліктер желісін іске қосқандықтарын мәлім етті.
2010 жыл Қазақстандағы Lexus үшін табысты болған. Осы жылдың қорытындысы бойынша Lexus ресми премиум нарықта 28 пайыздық үлеспен көшбасшылықты иеленген. Былтыр межеленген жоспар 10%-ға артық орындалып, сатылым 219 бірлікті құраған. Бұл қазақстандық тұтынушылардың Lexus маркасына деген қызығушылығының артқандын көрсетеді.
Биылғы жыл да Қазақстанда Lexus үшін жемісті басталған. Ресми премиум нарықтың 73% құрайтын орасан өсімге қарамастан, Lexus өз ұстанымын нығайтып, нарықта 45% үлеске ие болып, сатылым нәтижесі 143 бірлікті құраған.
«Қоршаған ортаны қорғауда және жаңа автокөлік құрастыру технологияларын дамытуда көшбасшы бола отырып, біз қашан да қызметіміздің өнім әзірлеу, өндіріс, логистика, сату, сатудан кейін қызмет көрсету, көліктерді іске жарату секілді барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға кері ықпалды азайтуға талпынамыз», -дейді «Лексус Қазақстанның» президенті Шинго Като.
Сонымен қатар ол біз үшін озық технология - гибридті жетекті дамыту маңызды қадамдардың бірі болып табылады деп мәлім етті. «Гибридті жетек 21 ғасырдағы негізгі технология болып табылады. Сондықтан осы жаңа технологияны Қазақстанда зор ықыласпен таныстырудамын», -деп атап өтті өз сөзінде Шинго Като.