Өнеркәсіптік меншік нысандарына құқық берудің негізгі түрлер

ҚР-ның 1999ж. 16 шілдедегі «Патент т-лы» Заңына сәйкес:
Өнеркәсіптік меншік oбъектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер.
5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау
1. Өнертабысқа құқық инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге - патентпен қорғалады.
2. Өнертабысқа инновациялық патент өнертабысқа инновациялық патент беруге өтінімге сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтінімге жүргізілген сараптаманың нәтижесі бойынша беріледі.
Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі.
Инновациялық патент пен патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Инновациялық патент өтінім берушіге дүниежүзілік жаңалыққа және өнертабыстық деңгейге қатысты тәуекелімен және жауапкершілігімен беріледі.
3. Өнертабысқа инновациялық патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екі жылдан аспауы керек.
Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды.
Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
4. Өнертабыс пен пайдалы модельге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсіптік үлгіге патентпен берiлетiн құқық қорғау көлемi бұйымның (макеттiң) кескiндерiнде ұсынылған және өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады. Өнертабыс формуласына, пайдалы модельге түсiнiк беру үшiн сипаттамалар мен сызбалар пайдаланылуы мүмкiн.
Өнiмдер алу әдiсiне берiлген қорғау құжатының күшi тiкелей осы әдiспен алынған өнiмге де қолданылады.
Егер өзгеше дәлелденбесе, бұл орайда жаңа өнiм қорғау әдiсiмен алынған болып есептеледi.
5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, қорғау құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар тұтас немесе iшiнара басқа адамға берiлуi мүмкiн.
6. Осы Заңға сәйкес мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн пайдалану тәртiбi заңдармен реттеледi.