Патенттік іздеу салу
Патенттік іздеу салу өнертабысқа, пайдалы модельге, тауар белгісіне, өнеркәсіптік үлгіге куәлік алу кезіндегі маңызды процесс болып табылады. Толық және дәл патенттік іздеу салудың нәтижесінде куәлік немесе патент алуға шешім қабылданады. Патенттік іздеу салу мақсаттары:
• өнертабыстың жаңалығын тексеру;
• өнертабыстың жаңалығына тексеріс жүргізу;
• жаңа өнімнің басқа да қандай салада қолданылатынын және өнім ерекшелектерін анықтау;
• берілген саладағы патент алған компаниялар мен өнертабыс иесі туралы ақпарат алу;
• сұранысқа сәйкес, өнімге берілген патенттерге іздеу салу;
• шекті аймақтардағы патенттер туралы ақпарат алу;
• сіздің өнертабыстың басқа интеллектуалды меншікпен сәйкестігінің бар жоғын анықтау;
• потенциалды лицензиарларды анықтау.
Халықаралық патенттік іздеу салу жеті күн, тауар белгісіне үш күн, өнертабысқа он күн, пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге он күн.
Патенттік іздеу салудың үш түрі бар:
Аты бойынша іздеу салу- белгілі бір тұлғаның немесе фирмалардың қорғау құжаттарына іздеу салу;
Сандық іздеу салу-нақты қорғау құжатына қатысты бүкіл мәлімет алу.
Ұқсас патенттерге іздеу салу- әр түрлі мемлекеттерде патент берілген бірдей өнертабыстарға іздеу салу.
патенттік іздеу салудың нәтижесінде есеп беріледі.
Әрбір патенттік іздеу салу нәтижесі бойынша толық жазбаша түрде және электронды түрде алынған мәліметтер туралы есеп беріледі. Есеп фирмалық бланкпен, патнеттік бюро мөрімен, анализ жүргізген патенттік сенімделген маман қолымен құжатталады.
Сәйкес компьютерлік бағдарламалардың көмегінсіз патенттік іздеу салу жеткілікті дәрежеде обьективті болмайды. Қосымша мамандар көмегімен іздеу жүргізіледі. Кейде қиындық дәрежесіне қарай іздеу жұмыстарына бірнеше мамандарды жұмылдыру керек болады. интернет желісі арқылы іздеу жүргізуге болады, бірақ ол да толық мәлімет бермейді. Халықаралық патенттік іздеу салу кезінде патенттік ведомство халықаралық патенттік органға тапсырады, олар әрбір өткізілген халықаралық өтініштер бойынша іздеу жүргізеді.