Коммерциялық құпияға құқық
Коммерциялық құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар.Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады.Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті.Кәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды.Құпия мәліметті білетін адамдардың тізімін белгілейді.Мемлекет үкімет органдары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауда заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды.Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі мыналарды белгілейді:
1.Мәліметтің коммерциялық құпияға жату ережесін.
2.Коммерциялық құпияны білетін адамдардың тізімін.
3.Құпиялық режимін,коммерциялық құпия істерді жүргізу тәртібін, оның есебін, құпиялылығын сақтау, көбейту, жою мерзімі мен тәртібін.
4.Құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын. Арнайы бұйрықпен басшы кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтің тізімін бекітеді. Коммерциялық құпияға қатысы бар адамдар қолхат беру арқылы бұйрық пен және оның қосымшаларымен таныса алады. Кәсіпорынның құпия мәліметтері туралы ереже жасалуы да мүмкін. Құпия мәліметтердің үлгі тізімі мынадай түрде рәсімделуі мүмкін. Кез келген ұйымның комерциялық құпиялығын құрайтын мәліметтердің тізімі:
• Несиелердің мөлшері, тауар өндіру мен қызмет көрсетудің көлемі, әріптес фирмалардың атауы, табыстың мөлшері оның бөлінуі, келіссөз құжаттары, коммерциялық келісім, төлем, қызмет көрсету шаралары;
• Қызметкерлердің еңбекжалақысы, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәлімет, өткізу жүйесі, өткізу ауданы;
Содан соң директордың қолы, тегі, есімі, әкесінің аты-жөні жазылады. Әріптестермен қызметкерлермен келісімшарттарда коммерциялық құпияны білудің тәртібі және оның сақталуына жауапкершілік ескеріледі. Құпия мәліметтері бар құжаттарды есепке алу жеке журналдарында тіркеледі және олда құпия жүргізіледі. Коммерциялық құпия кәсіпорынның меншігі болып табылады. Онын мақсаты - кәсіпорынға бәсекелестік күрес жағдайында экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз ету. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат,төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс:
1. Ақпаратты ашық түрде қолдану кәсіпорынға зиян келтіруімен байланысты.
2. Заңдық негізде ақпарат жалпыға белгілі немесе жалпыға тиімді болмайды.
3.Ақпарат қорғалуды қажет етеді, ол себебі мемлекеттік секрет болып табылмайды және авторлық және патенттік құқықпен қорғалмаған.
Кәсіпорын экономикалық немесе басқа пайда бойынша.
5.Бұл мәліметтердің жасырылуы қоғамға зиян келтірмейді.
Төмендегі ақпараттар коммерциялық құпияны құрайды:
-Фирманың сауда қатынастары;
-Ұйымдар мен қаражат айналымының өлшемі;
- Өткізу нарығының жағдайы;
- Банк операциялары;
-Жеткізушілер мен тұтынушылар;
-Патенттер мазмұны;
-Капитал құрылымы;
- Инвестициялар жоспары;
-Келісім шарттары;
-Тауар бағасының құрылуы;
-Пайда көлемімен өндіріс көлемі;
Өндірістік құпия мына ақпараттарды қорғайды:
-Өндіріс тәсілі мен технологиясын;
-Еңбек ұйымын;
-Техникалық ашылулар мен өнертабуларды;
-Зерттеу жұмыстарының сипатымен мақсатын.