Ноу-хау түсінігі, құқықтық объектілері мен субъектілері
Ноу хау көпшілік әлі біле бермейтін және сауда саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдаланыла алатын ерекше технологиялар, білімдер, қабілеттер.
Әдетте ноу хау деп басқалар үшін коммерциялық сыр болып табылатын коммерциялық құндылығы бар инновацияларды айтады. Жоғары технологиялы экономикада ноу хау ірі компаниялардың активтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Халықаралық заңнамаларға сәйкес, мекемелер әлдебір өндіріс тәсілін немесе техникалық шешімді жекедара пайдалану коммерциялық сыр арқылы сақтана алады. Ноу хау заңды түрде сипатталмағанымен коммерциялық сыр ұғымына кіреді. Патент пен коммерциялық сыр мақсаттары бір – инновацияларды бәсекелестердің пайдалануына жол бермеу және жеке дара пайдасын көру. Ноу хау сыр арқылы да сақтау дегенді білдіреді. Алайда, сырлы мағлұмат мәлім болып қалған жағдайда оны пайдалануға тыйым салу мүмкін емес. Ноу хау құқығы беймәлімділік сақталғанға дейін ғана болады.
Ноу хауды беру туралы келісім шартты көбінесе патентсіз лицензия деп атайды. Ноу хаудың негізгі артықшылығы оның үшінші жаққа белгісіз болуы болғандықтан, ноу хауды берудің оқшаулығын қамамасыз ету келісім шарттың негізгішарты болып табылады.
Ноу хауды қолданудың мазмұны екі жақтың келісімімен анықталады. Ноу хаудың субъектілеріне кез келген кәсіпкерлік қызметтің субьектілері жатады. Ноу хауды орындау процессінде іске асатын субъект функциясы тапсырыс беруші ролінде, ноу хау бағдарламасын орындаушы, ноу хау тұтынушысының ролінде болуы мүмкін. Ноу хау объектілеріне: инновация дәрежесін алған, яғни жаңа немесе қайта жаңғыртылған болып саналатын тауар, жұмыс және қызмет көрсету түрінде орындалған жаңалықтың барлық түрі жатады. Ноу хау объектісі болып интеллектуалдық меншіктің объетілері (өнертабыстар, пайдалы модель, өнеркәсцптік үлгі және т.б), тауарлар мен тұлғаларды жекешелендіру құралдары (фирмалық атау, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы, тауардың шыққан жері туралы атау және т.б), аяқталған ғылыми –зерттеу, тәжірибелі-құрастыру, технологиялық жұмыстардың нәтижелері және т.б болып табылады.
Қарапайым халықтық тілмен түсіндіруіңді талап етемін!