Өнертабыстар мен пайдалы модельдердің публикацияларының форм

шілдедегі № 427-I Қазақстан Республикасының Заңы бойынша 25 бап: Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру
1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.
2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi.
3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.
4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi жариялау
1. Сараптама жасау ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәліметтерді өтінім берілген күннен бастап он сегіз ай, ал өнертабысқа инновациялық патент, пайдалы модельге патент, өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы мәліметтерді он екі ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша сараптама жасау ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен ерте жариялауы мүмкін.
3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде аталынудан бас тартуға құқығы бар.
4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтінiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру туралы есеппен танысуға құқылы.
6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы бюллетеньде қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерiстерi туралы мәлiметтер жариялайды.