Тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың қолдануын тоқ
Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 ж. 26 шілдедегі Заңына сәйкес:
11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату
39-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының берiлуiне дау айту
1. Егер тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 26-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелетiн белгiлер, 27-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелмейтiн белгiлер және 29-бап. Өтiнімге қойылатын талаптарда белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған болса, оған дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2. Кез келген мүдделi тұлға тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының берiлуiне қарсы уәкiлеттi органға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiз бойынша қарсылық бере алады.
Наразылық осы Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қаралуға тиiс.
40-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiн және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуын тоқтату және оларды жарамсыз деп тану
1. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу:
1) осы географиялық объектiге тән жағдайлардың жойылуына және Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде осы тауар шығарылған жер атауы жөнiнде көрсетiлген қасиеттерi бар тауар өндiрудiң мүмкiн болмауына байланысты;
2) тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың шығарылатын елде тоқтатылуына байланысты доғарылады.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуы:
1) осы Заңның 34-бабында белгiленген оның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты;
2) осы тауар шығарылған жер атауына қатысты Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген айырықша қасиеттердi тауардың жоғалтуына байланысты;
3) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнің уәкiлеттi органға берген өтiнiшi негізiнде;
4) заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлға - тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң кәсіпкерлiк қызметi тоқтатылған кезде доғарылады.
3. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмi бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы қолданылуын тоқтатқан немесе олар жарамсыз деп танылған кезде сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне оларды жою туралы жазба енгiзедi.