Халықаралық патент

Халықаралық патенттеу тәжірибесі көптеген халықаралық конвенциялар, келісімшарттар мен келісімдер арқылы реттеледі. Халықаралық патенттеудің мақсаты белгілі бір географиялық территориядағы құрамында өнертабысы бар өнімді өндіру мен сатуға құқық алу болып табылады. Осылай келесілерге тоқталуға болады:
• Жобаланған экспорт елінің патенті (ұлттық патент)
• ЕАПО (Еуразиялық патенттік конвенция )
• ЕПВ патенті (Еуропалық Патенттік Ведомство)
• PCT халықаралық патенті (Patent Cooperation Treaty).
Әр жыл сайын барлық әлем бойынша өтініш берушілер өз өнертабыстарына шет елдік патент алу үшін Патенттік кооперация келісімімен қарастырылған жүйеге сүйенеді (РСТ). Бұл жүйені қолдану өтініш берушілерге бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық өтініш патент болып табылмайды, ол өтініш беруге болатын елді таңдау үшін, өтініш берілген күннен 30 ай ішінде құқықтарды сақтай алатын, сонымен қатар, қарастырылу мақсатында нақты елдерге өтініш аударуды автоматтауға құқық беретін дәрежелі құжат болып табылады.
Нақты бір елге халықаралық өтінішті аударғаннан кейін оны қарастыру процесі осы елдің ұлттық ведомствосына берілген кәдімгі өтініштерді қарастыру процесіндей жүреді. Халықаралық өтініштер мен оларды нақты бір елдерде ұлттық фазаға аудару ісі бойынша ВОИС жұмыс істейді (WIPO). ВОИС арқылы PCT (Patent Cooperation Treaty) келісімшартына қол қойған 130дан астам елдерде өтініш беруге болады.
Халықаралық өтінішті Бүкіләлемдік Интеллектуалды Меншік Ұйымына (ВОИС) немесе Қазпатент арқылы беруге болады. Алдымен қазақстандық патент алып, содан соң соның негізінде халықаралық өтініш беруге болады. Халықаралық өтінішті берген соң 30 ай ішінде өтініш беруші баждарды төлеуге құқылы, ол 500-2000 евро шамасында болады.
РСТ келісімшартына сәйкес процедура екі фазаны қарастырады: халықаралық (оны шет елдегі патенттеуге дайындық деп қарастыруға болады) және ұлттық (өтініш беруші таңдаған елдерде өнертабысқа құқықтық қорғауды алу). Келісімшарт осы келісімшартпен байланысты кез келген елде өнертабысқа патенттік қорғау сұрауға, халықаралық өтініш беруге мүмкіндік береді.
Халықаралық фазаның өту уақытында өтініш беруші өз өнертабысының қай жерде сәттілікке мүмкіндігі бар екенін, патенттеу еліне соңғы таңдау жасауға және осы елдерде ұлттық патентті жүзеге асыру үшін шет елдік нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізе алады.