Өнертабысқа мәні бойынша сараптама жүргізу
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі «Патент туралы» Заңына сәйкес:
5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі
22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтінімге жасалатын сараптама
1-1. Өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күн белгіленгеннен кейін сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргізеді.
Ресми сараптама жүргізу барысында осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі.
7. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.
Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігін белгілеуді, техника деңгейін анықтау үшін мәлімделген өнертабысқа қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген объектінің (oбъектілердің) өнертабыс бірлігінің талабына және осы Заңның 6-бабында белгіленген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкестігіне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады.
Мәні бойынша сараптамаға ақы төлеу ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгендігін растайтын құжатты берген жағдайда жүргізіледі.
Мәні бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.
8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс.
Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.
9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен оң қорытынды береді.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган өнертабысқа патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
10. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы мына жағдайларда:
1) егер өтінім өнертабыс ретінде қорғалмайтын объектілерге қатысты болса;
2) егер өтінім беруші ұсынылған формулада өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілердің болуы туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты қарау өткізілмегені туралы хабарланғаннан кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе беріледі.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
11. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының тиісті қорытындысы берілгенге дейін өтінімді қараудың кез келген сатысында инновациялық патент беру туралы өтінішхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 22-1-бабына, яғни Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтінімге сараптамаға сәйкес жүргізіледі.
12. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.
13. Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама жасау ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн.
Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады.
14. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.