Авторлық және сабақтас құқық туралы ҚР заңы
ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы 1996 жылғы 10 маусымда қабылданды.
Осы Заң зияткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға б-ты туындайтын қатынастары реттейдi.
Мазмұны: 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар). 2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігінің талаптары (6 - 9 баптар). 3-тарау. Авторлар мен патент иеленушілер (9 - 11 баптар). 4-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға ерекше құқық (11 - 16 баптар). 5-тарау. Қорғау құжатын алу тәртібі (16 - 29 баптар). 6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және қалпына келтіру (29 - 32 баптар). 7-тарау. Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын қорғау (32 - 35 баптар). 8-тарау. Қорытынды ережелер (35 - 38 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы;
2) бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;
3) зияткерлік меншік объектілері - зияткерлік қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары;
4) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берілген өнертабыстарға инновациялық патенттер мен патенттер, өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы модельдерге патенттер;
5) қызметтік өнертабыс - қызметкердің өз қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау кезінде жасаған өнеркәсіптік меншік объектілері;
6) лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;
7) өнеркәсіптік меншік oбъектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер;
8) Париж конвенциясы - кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы;
9) патент иеленуші - қорғау құжатының иесі;
10) патентке қабілеттілік шарттары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген шарттары;
11) патенттелген өнеркәсіптік меншік oбъектілері - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік oбъектілері;
12) патенттік сенім білдірілген өкілдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдігіне ҚР-ның заңнамасына сәйкес құқық берілген ҚР-ның азаматтары.
2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар
1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға б-ты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi.
2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады.
2. Егер ҚР бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.