Әлияның тегі Молдағұлова емес, Сарқұлова



Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін небір ақтаңдықтардың «жабулы қазаны» ашыла бастады. Зұлмат жылдары біреулер «халық жауы» атанып атылып жатса, оның ұрпағы «халық жауының баласы» атанып қудалауға ұшырапты. Бұл нәубетке ұшырамаған шаңырақ кемде-кем.
Мысалы, КСРО Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың әкелері де «халық жауы» екен.
Мәншүктің әкесі Ахмет 1918 жылдыры Уфадағы Ғалия медіресесінде білім алғаны жайлы, Алаштың ардагері Ахмет Байтұрсыновпен кездесіп бірге фото суретке түскені туралы семейлік зерттеуші-журналис Мұрат Кенемолдин нақты деректер келтіріп айтып берген еді. Ахмет Мәметовтың атылғаны белгілі.
Ал, Әлия Молдағұлованың нағыз әкесі Нұрмұханбет Сарқұлов дейтін адам екен. Анасының аты – Мариям. Анасы ашаршылық жылдары орыс поселкелерінің жанындағы егістіктен калған-құтқан картоп қалдығын жинастырып жүргенде атқа мінерлер далада атып тастаған. Тегі атқан адамдардан әйелінің өшін алған соң Нұрмұханбет кішкентай Лиясын (Әлияның шын аты) қойнына тығып алып, қашып Ойыл ауданының Алтықарасу ауылына келіпті. Артынан қуғыншы келіп ұстайды. Ақтөбе түрмесіне апарып қамайды. Осылай сотталып кете береді.
Алты жасар Лия жамағайын туысы Әбубәкір Молдағұлованың отбасын паналайды. Осылай «Әлия Молдағұлова» атаныпты.
Әлияның әкесі Нұрмұханбет 1954 жылы Сталин өлген соң түрмеден босап шығып қызын іздейді. Осы жылы қызының «Кеңес Одағының Батыры» атағын алғанын естиді. Содан ешкімге айтпай жасырып ұстайды. Тегі үкімет тарапынан айтуға тиым салған. Өйткені, Кеңес Одағының Батыр қызы «халық жауының» баласы болып шықса сұмдық емес пе. Онда аспан айналып жерге түсті дей беріңіз.
Осылай Әлияның әкесі туған қызының батыр болғанын күллі қазаққа айта алмай өмірден өтіпті.