Ноу-хау және патенттік заңдылық
Ноу-хау (know-how) – өндіріс құпиясы – коммерциялық құпия режимінде қорғалатын және сатып алу- сату заты бола алатын немесе кәсіпкерлік қызметтің басқа субъектілерінен бәсекелестікті артықшылыққа жету үшін қолданылатын кез келген сипаттағы (өнертабыстар, технологиялар, ғылым мен білім, т.б.) мағлұматтар.
Ноу-хаудың көптеген объектілеріне техникалық шешімдер жатады, олар өнертабыстар деңгейінде орындалады және белгілі себептерге байланысты қандай да бір елде патенттелмеген болады.
Ноу-хау көлеміне мыналар енуі мүмкін:
Бұйымның тәжірибелік, тіркелмеген үлгілері, бөлек детальдар, т.б;
Техникалық құжаттама – формулалар, есептеулер, жоспарлар, сызбалар, тәжірибелер нәтижелері, жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі мен мазмұны;
Қызметкерлерді дайындауға арналған оқу жоспары;
Өнім конструкциясы туралы мәліметтері бар нұсқаулықтар.
Ноу-хау режимінде қорғалатын мағлұматтардың төрт квалификацияланған белгілерді көрсетуге болады:
• Олардың нақты және потенциалды коммерциялық құндылығы;
• Үшінші жаққа белгісіздігі;
• Заңды негізде оларға еркін кірудің болуы.
Ноу-хау үлесінің жасырындықты қамтамасыз ету үшін бабабар шаралар қолдану. Ноу-хау режимінде мағлұматтарды қорғауды техникалық шешімдердің альтернативті патентті қорғау деп есептеуге болады. Келесідей жағдайларда ноу-хау режимі ақталған болып саналады:
1) Қорғаудағы шешім патентті қорғау саласынан алынса. Мысалы: өндірістің ұйымдастыру сызбалары өнертабыстар ретінде патентке қабілетті болып АҚШ-та мойындалады, бірақ Ресейде өнертабыс ретінде қорғалмайды;
2) Қорғаудағы шешім патентке қабілетті ,олып саналса;
3) Патентке арналған сипаттамада техникалық шешім жөніндегі ақпарат, заңнама талаптарын қанағаттандыратын және патент алуға жеткілікті ұсынылса;
4) Қорғаныстағы шешімнің иесі патент алу үшін қажетті (ақша) қаржыға ие болмаса.
Ноу-хаудың ерекшеліктерінің бірі – ғылыми-техникалық ақпараттық жасырындылығы. Патент заңдылығымен (ағылш. patent law;) өнеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі. Интеллектуалдық меншіктін өзге объектілерін (селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсім топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердін атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледі.