Авторлық құқық жөніндегі Бүкіләлемдік конвенция
Авторлық құқық жөніндегі Бүкіләлемдік конвенциясы (кейде Женева конвенциясы) (Universal Copyright Convention) – авторлық құқықты қорғау бойынша халықаралық келісім. Бұл келісім 1952 жылдың 6 қыркүйегінде Женева қаласында өткен авторлық құқық бойынша үкімет аралық конференцияда қабылданған. Конвенцияның мәселесі – бірде-бір мемлекеттің авторлық құқықты қорғау халықаралық жүйесінен тыс қалмауы. Келісімге қол қойған елдер барлық елдердегі әдеби, ғылыми және көркем шығармалардың авторлық құқығын қорғауын қамтамасыз¬ етуге тырысады. Бүкіләлемдік конвенциясы 26 статьядан тұрады. Оларды қысқаша қарастырайық.
Статья I. Әр келісімге тұрған ел авторлардың құқығын, әдеби, ғылыми және көркем шығармалардың (жазба, мухыкалық, драмалық шығармалар, графика, көркем сурет шығармалары ) авторлық құқығына иеленушілерді қорғау үшін әсерлі және жеткілікті қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Статья II. Кез келген келісімдегі елдің азаматтарының жарыққа шыққан шығармалары осы елдің территориясында алғашқы рет жарыққа шыққан шығармаларымен тең.
Статья IV. Шығарманы қорғау мерзімі қорғау туралы талаптар ұсынылған келісілген мемлекеттің заңымен анықталады.
Берілген Конвенцияның әрекеті таралатын шығарманы қорғау мерзімі автордың өмірлік уақыты мен оның өлімінен кейін 25 жыл периодынан қысқа болмауы керек.
Статья V. Авторлық құқыққа берілген Конвенцияның негізіндегі автордың қорғалатын шығармаларды аудару, аудармаларды жарыққа шығару және аударуға рұқсат беру, шығармалар аудармасын жарыққа шығару ерекше құқығы жатады.
Статья VIII. Бұл Конвенцияға қол қоймаған кез келген мемлекет оған қосыла алады. Ратификация, қабылдау және қосылу Ғылым, Білім және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Директорының құжаттарына сәйкес жүзеге асады.
Статья X. Берілген Конвенцияның әр мүше-елдері өз Конституцияларына сәйкес осы Конвенцияны қолдануды қамтамасыз¬ етуге қажет шаралар қабылдауға міндетті.
Статья XI. Келесідей мәселерді қарастыратын үкімет аралық комитет құрылады:
а) Берілген Конвенцияның қолдануына және әрекетіне қатысты сұрақтарды зерттеу;
b) Конвенцияны периодты түрде қайта қарауға дайындық;
d) Комитеттің қызметі туралы келісімге тұрған мемлекеттерге мәлімет беру.
Статья XVI. Бүкіләлемдік Конвенция француз, ағылшын және испан тілдерінде құрылған. Үш тіл де тең күшке ие болып саналады және жазылады. Бұл Конвенцияның ресми мәтіндері неміс, итальян және португал тілдерінде құрылады.
Статья XX. Бүкіләлемдік Конвенцияда ешбір ескертулерге рұқсат етілмейді.