Өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясы, оның

«Өнеркәсіп меншігін қорғау туралы» 1883 жылғы 20 наурыздағы (1900 жылы 14 желтоқсанда Брюссельде, 1967 жылы 14 шілдеде Стокгольмде қайта қаралған, 1993 жылғы 16 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында қолданысқа енген ) Париж конвенциясы 30 тараудан құралған, ондағы акт француз тілінде жазылады. Оның ұстанымдары:
 Ұлттық режим;
 Тең дәрежелі деңгейде қорғау;
 Ашықтылық
6 тараудағы quinquies (белгілерді қорғау) аталған бап бойынша:
1)егер белгілерді тіркеу - белгіні қорғау сұратылған елдің үшінші тұлғасының құқықтарына нұқсан келтірсе;
2) егер белгілердің қандайда өзіне тән ерекшелігі болмаса немесе сауда-саттықта өнімдердің түрін, сапасын, санын, нысанын, бағасын, шыққан жерін, дайындалу мерзімін белгілеуге арналған белгілер мен нұсқаулардан ғана құрастырылса не белгілерді қорғау сұратылған елдің сауда-саттық ғұрпында, тілінде жалпыға ортақ қалыпты белгілерге айналып кетсе;
3) егер белгілер адамгершілік нормаларына немесе жария тәртіпке қайшы келсе, егер олар қоғамды адастыруы мүмкін болса, белгілерді тіркеуден бас тартылуы немесе олар жарамсыз деп танылуы мүмкін.