Эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары

Эфирге беру (Broadcasting) - туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (көрсетуді немесе орындауды қоса алғанда) радио немесе телевизия арқылы (кабельдік телевизияны қоспағанда) беру жолымен жалпы жұрттың назарына хабарлау. Туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын жерсерік арқылы эфирге беру кезінде жердегі станциядан жерсерікке сигналдар қабылдау және жерсеріктен сигналдар беру эфирге беру деп түсініледі, солар арқылы туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын көпшіліктің нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына жеткізу мүмкін болады. Егер көпшілікке кодты ажырату құралдарын эфирлік хабар тарату ұйымы берсе немесе соның рұқсаты бойынша берілсе, код белгіленген сигналдарды беру эфирге беру болып табылады.
Эфирлік және кабельдік хабарларды тарату Ұйымдарының хабар тарату құқықтары тіркелгенде:
1) өтініш;
2) туындының сценарийі;
3) туынды авторымен туындыны пайдалануға ерекше құқықтарды беру туралы жасалған шарттың көшірмесі;
4) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.
5) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Рим қаласында, 1961 жылғы жиырма алтыншы қазанда ағылшын, француз және испан тілдерінде жасалған Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияның 13-бабы бойынша Хабар тарату ұйымдары:
(a) эфирге өздерінің хабарларын ретрансляциялауға;
(b)өздерінің хабарларын жазуға;
(c) мыналарды:
(i) эфирге берілетін хабарларының олардың келісімінсіз жасалған жазбаларын;
(ii) егер қайта шығару 15-баптың ережелерінде көрсетілгендерден өзге мақсаттарда жүзеге асырылған болса, осы ережелерге сәйкес жасалған өздерінің эфирге берілетін хабарларының жазбаларын қайта шығаруға;
(d) егер телевизиялық хабар көпшілік үшін кіру ақысына қол жеткізетін орындарда жүзеге асырылса, өздерінің осындай хабарларын жалпы жұрттың назарына хабарлауды рұқсат беруге немесе тыйым салуға құқылы; ол жүзеге асырылуы мүмкін шарттарды белгілеу осы құқықты қорғау сұратылып отырған мемлекеттің ішкі заңнамасында реттеледі.
14-бап
Осы Конвенцияға сәйкес берілетін қорғау мерзімінің ұзақтығы:
(a) фонограммаларды және оларға енгізілген орындаушылықтарды жазу жүзеге асырылған;
(b)фонограммаларға енгізілмеген орындаушылықтар орын алған;
(c) эфирге хабар беру орын алған жылдың соңынан есептегенде кемінде 20 жылды құрайды.