Патенттік сенімді өкілдер

Қазақстан Республикасының патент заңы
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бапта келтірілген Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен
терминдерге сәйкес патенттiк сенiмдi өкiлдер (Patent agent, patent attorney) - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган және сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне заңдарға сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары.
36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, бiлiктiлiк деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл бола алады.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестаттау, тiркеу және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк бepу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және сараптама жасау ұйымында патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы өтiнiш берушiнiң патент иеленушiнiң құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң, патент иеленушiнiң құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алады.
4. Құпия ақпараттарға немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде берiлген талаптарды сақтау кезiнде сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл алатын ақпарат құпия болып танылады.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге мүдделерi өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне көрiнеу қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгедей қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлмен туыстық қатынастардағы лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдауға құқылы емес.
5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi өтiнiм берушiнiң, патент иесiнiң оған берген сенiмхатымен куәландырылады.
Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған
жерлердің атаулары туралы 1999 ж. 26 шілдедегі № 456-1
Қазақстан Республикасының Заңы
46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, бiлiктiлiк деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн Республика азаматы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл болуға құқылы. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестаттау, тіркеу және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар өтiнiш берушi, тауар таңбасы және тауар шығарылған жер атауын иеленушi ретiндегi өз құқықтарын, сондай-ақ ақ мүдделi тұлға құқықтарын уәкiлеттi орган мен оның ұйымдарында патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар өтiнiш берушi, тауар таңбасы мен тауар шығарылған жер атауын иеленушi ретiндегi өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлға құқықтарын Қазақстан Республикасы шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз жүзеге асыра алады.
4. Құпия ақпараттарға немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде берiлген талаптарды сақтау кезiнде сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл алатын ақпарат құпия болып танылады.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге мүдделерi өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне көрiнеу қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе консультация берсе, немесе оны қарауға өзгедей қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлмен туыстық немесе жекжаттық қатынастардағы лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдауға құқылы емес.
5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.