Патент кооперациясы туралы келісім
Патент кооперациясы туралы келісім (ағылш. Patent Cooperation Treaty, PCT) патенттік құқық аумағындағы 1970 жылы бекітілген халықаралық келісімшарт. Келісімшарт РСТ жүйесінің негізі, әр келісілген елдегі өнертабысты қорғау үшін патенттік өтінім берудің бірыңғай процедурасын қамтамасыз етеді. PCT процедурасы бойынша берілген өтінім халықаралық өтінім немесе PCT өтініші деп аталады.
Халықаралық өтініш мекемелердің біріне өткізіледі (англ. Receiving Office, RO.) Бұл мекеме өтініш берушімен патент бажы төленген кейән өтініш талаптарына сай тексеріс жүгізеді. Халықаралық өтініш барлық талаптарға сәйкес келсе, бір көшірмесі Халықаралық Бюроға (ВОИС), екніші көшірмесі Халықаралық іздеу салу органына (англ. International Searching Authority, ISA) жіберіледі. Халықаралық іздеу салу органы өнертабыстың патенттік мүмкіндігі туралы жазбаша шешім шығарады.
«Патент кооперациясы туралы келісім шарт» (РСТ) - өнеркәсіптік меншік жеке объектілерін (өнертабыстарды) құқықтық қорғау алуына көмекті қамтамасыз ететін келісім. Бұл келісімшартты жасасу идеясы 1960 жылы өнертабыстарға өтінімдерді қараумен байланысты патенттік ведомстволардың жұмысын қиындататын мәселелерді шешу қажеттілігін байланысты туындады. Ол мәселелерді атап айтсақ, мыналар:
• патенттік ведомстволар жұмысында қайтармаларды жою;
• өтініштерге сараптама жүргізуді тездету;
• сарапшы есепке алуы қажет құжаттама көлемін шектеуді қамтамасыз ету;
• жаңа техникалық жетістіктер туралы ақпараттардың таралуын жеңілдету;
• өтінімдерді шетел мемлекетеріне беру процедураларын жеңілдету;
Мүдделі мемлекеттердің біріккен кұшімен ғана жететін аталған проблемалар шешімін іздеу қызметтестіктің жаңа нысанына – патенттік іздеуді және патенттік – құқықтық саладағы халықаралық еңбек бөлінісінің басымдылығын пайдалануға негізделген өтінім берілетін шешімдерге сараптама жүргізуде халықаралық кооперацияға алып келді.
Халықаралық кооперациясын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында 1970 жылы 19 маусым күні Вашигтонда Дипломатиялық конференциясында осы келісімшартқа қол қойылып, оған сәйкес Патенттік кооперациясы Одағы құрылды. Париж конвенциясы сияқты, бұл келісімшарт Патент кооперациясы одағына мүше мемлекеттердің өнертабысқа патент беру немесе беруден бас тартуға байланысты құқықтарын реттемейді. Келісімшарттың негізгі ережелері халықаралық өтінім, халықаралық іздеу және халықаралық алдын ала сараптама туралы нормалары болып табылады. Келісім тарауларындағы ережелерді сақтау мүше мемлекеттердің барлығы үшін міндетті болып саналады.
Патент кооперациясы туралы келісімшарт БИМҰ- халықаралық бюросына бір өтінім беру жолымен барлық қатысушы бір мезгілде алуды жеңілдетеді.
Патент кооперациясы туралы келісім (ағылш. Patent Cooperation Treaty, PCT). Келісімшарт РСТ жүйесінің негізі, әр келісілген елдегі өнертабысты қорғау үшін патенттік өтінім берудің бірыңғай процедурасын қамтамасыз етеді. PCT процедурасы бойынша берілген өтінім халықаралық өтінім немесе PCT өтініші деп аталады.
Халықаралық өтініш мекемелердің біріне өткізіледі. Бұл мекеме өтініш берушімен патент бажы төленген кейән өтініш талаптарына сай тексеріс жүгізеді. Халықаралық өтініш барлық талаптарға сәйкес келсе, бір көшірмесі Халықаралық Бюроға (ВОИС), екніші көшірмесі Халықаралық іздеу салу органына жіберіледі. Халықаралық іздеу салу органы өнертабыстың патенттік мүмкіндігі туралы жазбаша шешім шығарады. Өтінішті қарастыруға қатысты сұрақтар бойынша процедуралар, өкiметтiң тиiстi ұлттық немесе аймақтық органдарының шешімі бойынша патент беріледі. РСТ халықаралық патент беруiн ескермейдi, және патент беру өкiметтiң әрбiр ұлттық немесе аймақтық органының айрықша құзыретi болып табылатынды.