Құймақ дайындаудың тәсілі
Жұқа құймақ – барлық үйде дайындалады десек қателеспейміз. Алайда оның түрлі жасалу жолдары бар. Назарларыңызға жұқа шілтерлі құймақтың жасалу құпиясын ұсынамыз. Оны дайындау үшін сізге:
- 1 стақан айран;
- 1 жұмыртқа;
- 1 стақан ұн;
- 1/3 шай қасық сода;
- 1 қасық сұйық май;
- 1/2 стақан қайнақ су;
- 1 қасық қант;
- 1/3 шай қасық тұз;
Дайындау жолы:
1. Айранды ыдысқа құйып, жұмыртқа, қант, тұз, ұн салып жақсылап араластырыңыз.
2. Қайнақ суға ас содасын қосып бірге араластырып, ұнның үстіне құясыз.
3. Барлығын жақсылап араластырып, 10 минут күтесіз.
4. Сұйық майды қосып, тағы араластырасыз.
5. Пісіретін табаңызға май жағып, қыздырып аласыз.
6. Табаға дайын болған қамырыңызды бір шетінен құясыз.