Фонограмма жасаушының құқықтары
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының Заңы
38-бап. Фонограмма жасаушының құқықтары.
1. Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде, осы Заңда көзделгендердi қоспағанда, фонограмманы пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, фонограмманы кез-келген нысанда пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.
2. Фонограмманы пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:
1) фонограмманы тiкелей немесе жанама түрде кез келген нысанда қайта шығаруды;
2) меншiк құқығын сату немесе өзгеше беру арқылы фонограмманың түпнұсқасы мен даналарын таратуды, оның iшiнде импорттауды;
39-бап. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы фонограмма жасаушы мен орындаушының келiсiмiнсiз пайдалану.
1. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы жасаушының және осындай фонограммаға орындауы жазылған орындаушының келiсiмiнсiз, бiрақ сыйақы төлей отырып:
1) фонограмманы көпшiлiк алдында орындауға;
2) фонограмманы эфирге беруге;
3) фонограмманы кабель арқылы жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн хабарлауға жол берiледi.
Фонограмманы жасаушының құқықтары қандай?
Фонограммаға айрықша құқық;
• Фонограмма данасында және оның қорабында өз есімін қолдану құқығы;
• Фонограмманы қолдануда бұрмалаудан қорғау құқығы;
• Халыққы танымал ету құқығы,яғни жариялау,көпшілікке көрсету,көпшілік алдында орындау, эфирге хабарлау немесе кәбел арқылы тағы басқа әдістермен жалпы жұртқа жеткізу үшін әрекеттерді жүзеге асыру.Сонымен жарыққа шығару деп шығарушының келісімі бойынша фонограмма даналарын халық қанағатына жеткілікті етіп шығару. Фонограмманы шығарушы өзінің құқығын автор құқығымен орындаушы құқығын сақтау арқылы өз құқығын іске асырады.
Фонограмманы шығарушының, авторлар құқығы мен орындаушы құқығының барына немесе әрекетіне қарамастан мойндалып қимылдайды.
41-бап. Орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтарын шектеу.
1. Орындаушылықты, қойылымды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын және олардың жазбаларын орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей пайдалануға, сондай-ақ фонограмманы көшiрмелеуге:
1) орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларынан шағын үзiндiлердi ағымдағы оқиғалар туралы шолуға қосу үшiн;
2) тек қана оқыту немесе ғылыми зерттеу мақсаттарында;
3) дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда, орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарынан шағын үзiндiлер түрiнде дәйектеме келтiруге жол берiледi. Бұл ретте, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма даналарын эфирге беру, жалпы жұрттың назарына кәбiл арқылы хабарлау үшiн немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзу үшiн пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 39-бабындағы ережелердi сақтаған жағдайда ғана мүмкiн болады;
4) осы Заңның 18-26-баптарының ережелерiнде белгiленген ғылым, әдебиет және өнер туындылары авторының мүлiктiк құқықтарын шектеуге қатысты өзге де жағдайларда жол берiледi.
2. Осы Заңның 37-40-баптарының ережелерiнен тыс орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының келiсiмiнсiз хабарлар мен эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларын және олардың жазбаларын таратуға, сондай-ақ фонограмманы тек қана жеке мақсат үшiн қайта шығаруға жол берiледi. Осы Заңның 26-бабына сәйкес сыйақы төленген жағдайда фонограмманы көшiрмелеуге жол берiледi.
3. Егер қысқа мерзiмге пайдаланылатын жазба немесе көшiрме эфирге хабар тарату ұйымының өз жабдықтары көмегiмен және өзiнiң жеке хабары үшiн жүзеге асырылса, орындаушының, фонограмма жасаушының және эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының орындаушылықты, қойылымды немесе хабарларды қысқа мерзiмге пайдалануға жазып алуды жүзеге асыруға, мұндай жазбаларды көшiрмелеуге және коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көшiрмелеуге рұқсат алуына қатысты осы Заңның 37, 38, 40-баптарындағы ережелер мынадай жағдайларда:
1) эфирге хабар тарату ұйымы осы тармақ ережелерiне сәйкес қысқа мерзiмде пайдалануға жасалатын жазбаны немесе сондай жазбаның фонограммасын көшiрмелеудi жүзеге асыруға қатысты қойылымның өзiн, орындаушылықты немесе хабарды эфирге беруге алдын-ала рұқсат алғанда;
2) эфирге хабар тарату ұйымы осы Заңның 25-бабының ережелерiне сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қысқа мерзiмге пайдалануға жасайтын жазбасына қатысты белгiленетiн мерзiм iшiнде, оның тек құжаттық сипатының негiзiнде ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкiн жазбасын қоспағанда, оны жойғанда қолданылмайды.
4. Осы бапта көзделген шектеулер фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарын және олардың жазбаларын, сондай-ақ соларға енгiзiлген ғылым, әдебиет және өнер туындыларын қалыпты пайдалануға зиянын тигiзбей, сондай-ақ орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының және аталған туындылар авторларының заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмей қолданылады.