Дамыған ақпаратты технологияның патенттік ақпараттарды іздеу
Патенттік іздеу салу – сұранысқа сәйкес құжаттар мен мәліметтердің массивінен алынған бір не бірнеше белгі бойынша іріктеу, бұл жаңдайда, сұраныстың тақырыбы немесе затына сәйкес болатын құжаттар немесе мәтіннің жинағынан іздеу процесі жүзеге асырылады.
Патенттік іздеу салу – ақпараттың іздеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады және қолмен не сәйкес компьютерлік бағдарламалармен, сонымен бірге сәйкес эксперттердің көмегімен орындалады.
Патенттік іздеу салу заты обьект (құрылғы, әдіс) категориясының патенттік зерттеулердің нақты есептеріне қарай, олардың қандай элементтері, параметрлері, қасиеттері және т.б. сипаттамаларын зерттеу керектігінен анықтайды.
Патенттік іздеу салу кезінде, ақпараттық сұраныс пен құжаттың мазмұнының мәндік құрамы салыстырылады.
Патенттік іздеу салудың негізгі мақсаттары:
• Өнертабыстың бірегейлілігін тексеру;
• Жаңа өнім ерекшеліктерін анықтау,
• Жаңа өнімді қолданудың басқа салаларын анықтау;
• Сол саладағы өнертабыстарға патент алған изобретательдер немесе компанияларды іздеу;
• Қандай да бір өнімге патент іздеу;
• Зерттелетін обылыстардағы соңғы жаңалықтарды іздеу;
• Технологиялық өрістердегі зерттеулердің күйін анықтау;
• Сіздің өнертабысыңыз бөлек интеллектуальды меншікке қатысты бар не жоқтығын анықтау;
• Нақты компания не жалпы нарық секторының жағдайы бойынша ақпарат алу;
• Ұқсас өнертабыстарға патентерге ие жеке тұлғалар жөніндегі ақпарат алу;
• Потенциалды лицензияларды іздеу;
• Қосымша ақпараттық материалдарды іздеу;
Патенттік іздеу салудың екі әдісі бар: сол саладағы мамандандырылған фирмаға жүктеу немесе өзі жүргізу.
Патенттік іздеу салу еңбекақымды әрі қфмбат процесс болып табылады, оны жүзеге асыратын эксперттердің квалификациясына тікелей байланысты.
Патенттік іздеу салуды өздігінен жасау үшін:
• Өнертабыстың толық сипатын дайындау;
• Патенттік іздеу салуды жүргізу ішінде жазбалар жүршізу;
• Патенттеумен байланыссыз, бірақ өнертабысты қолдану обылысына қатысты ақпараттық мәліметтерді зерттеу;
• Бірінші ретті Патенттік іздеу салу интернет желісі арқылы жүргізіледі.
Патентік зерттеулер – техника обьектісінің техникалық деңгейі мен даму тенденцияларын, оның патенттік қабілеттілігін, патенттік және басқа ғылыми-техникалық ақпарат негізінде оның патенттік тазалығын зерттеу.
Іздеу тақырыбын (объектісін) патенттік зерттеулердің нақты міндеттері, объектінің категориясына (құрылғы, әдіс, зат) және оның қандай элементтерін, параметрлерін, қассиеттері мен басқа сипаттамаларын зерттелетініне тәуелді анықтайды.
Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы құрылғы болса (машина, аспап), мысалы, куттер, шұжық өнімдерін пісіру үшін арналған термоагрегат, компрессор, пісірілген шұжық өнімдерді өндіру линиясы, іздеу тақырыбы (объектісі) болып төмендегідей болуы мүмкін:
- құрылғы тұтасымен (жалпы құрастыруы.принципиалды сұлбасы);
- құрылғының жұмыс істеу принципі (әдісі);
- тораптары мен детальдары;
- құрылғының жеке элементтерін жасау үшін пайдаланатын материалдар (заттар), құрылғыны жасау технологиясы;
- өзара қолдану салалары.
Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (үрдіс) болса, іздеу тақырыбы:
- технологиялық үрдіс тұтасымен, оның кезеңдері егер олар тәуелсіз (өзіндік) қорғауға қабілетті объекті болса;
- бастапқы өнімдер;
- аралық өнімдер және оларды алу әдістері;
- ақырғы өнімдер;
- негізінде осы әдіс жүзеге асырылатын құрал-жабдықтар болуы мүмкін.
Егер патенттік зерттеулер тақырыбы зат болса, онда іздеу тақырыбы:
- заттың өзі (оның сапалық және сандық құрамы);
- затты алу әдісі;
- бастапқы материалдар;
- қолдануы мүмкін салалар.
Егер жоба машиналар жүйесін (мысалы, субөнімдерді өндеу линиясы) жасаумен байланысты болса, онда оны құрамдас бөліктерге бөледі, іздеу тақырыбы болып машина жүйесінің құрамдас бөлігі табылады.