Жанна д`Арктың сақинасы Лондондағы аукционға қойылды

Француздың батыр қызы Жанна д`Арктың сақинасын аукционнан сатып алуға болады. Оны Лондонның Timeline Auctions үйі саудаға шығарды, деп хабарлайды Daily Mail. Лоттың сипаттамасына сәйкес, бұл сақина сонау XV ғасырда соғылған. Timeline Auctions үйінің өкілі Бретт Хэммондтың айтуынша, сақинаның Жанна д`Аркке тиесілі екендігі оны тергеу кезінде жазылған материалдардың осы кезге дейін сақталып қалған түпнұсқаларынан түсінікті болған. Жәдігер емен ағашынан жасалған қобдишада сақтаулы тұр. Оның түпнұсқалығын дәлелдейтін құжаттар осы сақинаны сатып алған адамға қоса беріледі. Ұйымдастырушылар сақинаны 14 мың фунт стерлингке сатуды көздейді