Авторлық құқық бойынша халықаралық келісімдердің кері әсер к
Авторлық құқық бойынша халықаралық келісімдер қандай шығармаларға қалай әсер ететінін әр т.рлі қарастырады. Халықаралық келесімдер нақты бір күннен күшіне еніп осы күннен кейінгі құрылған шығармаларды жаңа деп қарастырады . Сонда осы күнге дейінгі шығарылған және әлі күнге дейін қолданыстағы туындыларға не болмақ деген сұрақтар туындайды.
Егер халықаралық келісімде жаңаларға да және ескі шығармаларға (яғни келісім пайда болған немесе келісімге қосылған күнге дейін және бірақ әлі де қолданыстағы туындылар) қорғауды қарастырығлған болған жағдайда осы келісім керіс әсер күшке ие деп те айтуға болады. Егерде келісім шартта «конвенцияға дейінгі» туындыларға қорғау қарастырылмаса онда бұл келісім кері әсер күшіне ие емес дегенді білдіреді.
Халықаралық келісімдерді бекіткен кезде оның кері әсер күшіне ие немесе ие болмауы өте маңызды мәселе болып табылады және оның шешуі осы келісім мақсатына және келісущі мемлекеттердегі саясаттық және экономикалық жағдайларына байланысты қабылданады. Келісімнің әрекет ету тәртібін қабылдау үшін келесімнің ескі шығармаларға қадлай әсер ететініне аса маңызды экономикалық талдау жүргізу қажет. Себебі егер, Конвенцияда керіс әсер күші қарастырылмаса онда ол шет елдік туындылардың авторлық құқығын қорғауға әр келісуші елдің ақырындап үйреніп кетеді. Әр ел үшін Конвенцияга ену күнінен бастап барлық шет елдік туындылар «ескі» болып қабылдананды, және оларды қолдануға авторларға сыйақы төлемеуге болады. Тек қана «жаңа» туындыларға байланысты пайда болған келісімдер бойынша ғана төленетін болады.
Егерде Конвенцияда кері әсер күші қарастырылса онда осы Конвенцияға қосылған күннен бастап келісуші елдердегі барлық «конвенцияға дейінгі» шығармалар бойынша шет елдік авторлармен тез арада келісімдер жүргізіліп қажетті мөлщерде сыйақылар тағайындалып, төленеді.
Дүниежүзілік Конвенцияның кері әсер күшке байланыты 7-ші бабында келесідей келтірілген: «Осы Конвенция Келісуші Мемлекетте осы конвенция күніне енгенге қорғау уақыты біржолата әрі нақты тоқтатылған және мүлде қорғау берілмеген шығармаларға таралмайды және құқықтық қорғау берілмейді.»
Жалпы көзқараспен қарастырсақ Дүниежүзілік Конвенцияның 7-ші бабы бойынша Конвенция жалпы халықтық құндылық болып кеткен, яғни Конвенцияға ену күніне дейін қорғалу мерзімі біржолата әрі нақты біткен немесе тоқтатылған және қорғалынуы мүлде қарастырылмаған шығармаларды қорғаудан мүлде айырады. Осыған сүйене отырып Дүниежүзілік Конвенция кері әсер күшіне ие емес деп айтса да болады.
Бірақты Конвенцияны мүлде кері әсер күшті жоққа шығарады деген сөз емес жоғарыда айтылған, яғни бұл дегеніміз Конвенция барлық «ескі» деп танылған шығармаларға қорғау көрсетпейді деген сөз емес, егерде келісуші елде Конвенцияға енген кезде әліде қорғау уақыты бітпеген әліде қорғалу үстіндегі шығармаларды ұлттық заңдылықпен ғана емес сонымен қатар Конвенция нормаларымен де қорғалатындығын тағайындайтындығын көрсетеді. Бұл осындай «конвенцияға дейінгі» шығармалар үшін кері әсер күшіне ие дегенді білдіреді.