Өнертабысқа алдын ала патент және патент беруге өтінім қарау

Өнертабысқа алдын ала өтінім беру келесі бөліктерден тұрады: Өтініш, Сипаттамасы, Формула, Реферат, Сызбалар(міндетті емес). Әдетте өтінішті құру патентті-ақпараттық іздеуден басталады. Бұл «техника деңгейі» мәселесін ашып көрсетуге қажет.
Техника деңгейімен танысып болғанннан кейін формуланы жазуға кірусге болады. Формуланы жазу тәртібі мен талаптары админстративтік регламентте көрсетілген. Соның іщіндегі негізгі талаптары келесілер:
1. Формула пункті немесе бөлігі бір сөйлем түрінде мазмұндалуы тиіс.
2. Осы өтініш жазылып отырған өнертабыс саласында қолданылатын жалпыға түсінікті терминологияны пайдаланылуы тиіс.
3. Формуланың және сипатамасының барлық бөлігінде бірыңғай терминологияны қолдау қажет.
4. Егер пуктерге тәуелді бөлімдер болса осы бөлімшелердегі ақпараттар тәуелсіз пуктердегі ақпаратқа қарама қайшы келмеуі тиіс.
5. Формула патентке қабілеттіліктің үш критерийіне сай болуы қажет – әлемдік жаңалыққа ие болуы, өнертабыстық деңгейінің болуы және өндірісте қолдануға қабулетті болуы қажет.
Формуланы біріншіден өнертабыстың түсінікті атауын жазудан басталады. Кейіннен «Өнертабыс мәселесі» жазылады.
Өнертабыс мәселесі дегеніміз өнертабыстың неге арналып жасалғандығы қауіпсіздіктің, ұзақтылықтың, тасымалдау және жөндеу ыңғайлылығының заманауи талаптарын қаншалықты қанағаттандыратындығы жайла ақпарат беретін бөлім.
Мәселесі жазылғаннан кейін формуланы жазуға кірісеміз.
Әрі қарай сипаттаудың негізгі элементі болып табылатын бөлігі техникалық нәтижені жазамыз. Техникалық результат дегеніміз осы қарастырылып отырған өнертабысты қолдану барысында пайда болатын құбылыстар мен әрекеттер жиынтығы.
Формула нақты жазылып болған соң сипаттаудың міндетті бөллігінің бірін жазуға кірісеміз бұл бөлігінде формуланы тағыда кейбір сызбаларға нұсқау көрсету арқылы қайталап жазып шығамыз. Сызбаларды жинақтап тізімін жазып шығамыз.
Құрылғының жұмыс істеу принципін жазамыз (міндетті бөлігі).
Жоғарыда айтылған бөлліктердің барлығы жазылып біткеннен кейін барлық қажетті бөліктерін жинап ,формуланы қайта көшіріп жазып, өтініш бланкісін толтырып барлығын біріктіріп сәйкес ведомстваларға жібере беруге болады.