Стоматолог: Рекомендеймін/рекомендемеймін
Алматы қаласында Төле би даңғылы 101 мекенжайында Рузуддинов профессордың клиникасы бар. Ол жақта тісті емдейді, жұлады, түзейді т.б. Мен тісімді сол жақтан түзетіп жатырмын. Бағасы қымбаттау болғанымен, жұмыстары сапалы дер едім. Тістеріңіз ауырып жатса, Алтынай Сапарқызы деген ортодонт апай бар. Керек болса, контактілерін бере аламын. Сол кісі өз ісіне берілген нағыз маман. Әрі адамға жаны ашып, ақша үшін емес, шын ниетімен жасайды. Осы кісіні рекомендеймін!
Мен алдыңғы тістерімді Алматы қаласындағы Дента балалар стоматологиялық поликлиникасында емдеттім. Олар тек балаларды ғана емес, үлкендерді де қарайды екен. Маған сол жер ұнады. Бағасы аса қымбат емес, ол осыдан 3 жыл бұрын еді, төрт тісімді 35 мыңға емдеттім. Қазір бағалары қандай екенін білмеймін. Бірақ аса қатты өзгермеді деп сенем, сондықтан сол жерді рекомендеймін! Адресі: Алматы қаласы, Сейфуллин 549, Бөгенбай батырдың қиылысы. Телефон: 2925075
Жоғарыдағы Алтынай апайды менде рекомендейтін едім) өте жақсы маман, ақша үшін емес, нәтиже үшін жұмыс істейді, сосын қарызға жасап береді, студенттерді өте жақсы түсінеді)
Өз ісінің маманы болмаса тістен айыралсың мен біреуінен айыруға шаұ қалдым. Басқасын емдеп жүр екен сөйтсе