Туған айдың мінезге әсері
Қаңтар айында туылғандар
Олар – шыдамды да жігерлі. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да туған- туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық танытады.
Бұл айда туылған әйелдердің мінезіне тән қасиет: ұяңдық. Алайда олар «еркек мінезді» болып келеді, тәкаппар, еркіндікті сүйетін жандар болғандықтан, мақсаты қай істе де биіктен көріну. Күйеулеріне өлердей ғашық болады, олар қандай жағдайға тап болса да көмегін аямайды, тек мінездері отбасына жайсыздық әкеліп тұрады. Бұл айда туылған әйелдердің ұнататын ісі тәтті тағамдар әзірлеу.
Қаңтарда өмірге келген ерлер әділ де жігерлі. Олар – қиындықта арқа сүйеуге лайықты жандар. Өйткені, тәуекелшіл, шешімді тез қабылдайды, әлсіздерге қам-қор, әйелдерді үнемі құрметтеп сыйлайды. Ерік-жігері мық-ты, отбасына жайлы болғанымен, мінезінде тәкаппарлық та бар.
Ақпан айында туылғандар
Олар – тік мінезді, ұстамсыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне байланысты өзгеріп отырады. Жан-дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды білмеу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмытып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілділік, мейірімділік таныта қоймайды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білмеген сыңай танытады. Өзі сый- ластық танытқан адамы сыйластықпен жауап қайтармаса, ол туысы ма, досы ма, бәрі бір, кейде онымен қарым-қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, тазалықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді.
Ақпан айында туылған әйелдер мейірімді де сабыр-лы, балажан, отбасына жай-лы, инабатты. Өзін алдағанды ауыр қабылдап, кешіре алмайды. Басты арманы ұл-қызын жақсы тәрбиелеп өсіру.
Наурыз айында туылғандар
Олар - өте сезімтал және әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мойығыш, бұл қызметтегі өсуіне басты кедергі. Егерде мойығыш, уайымшылдығын қойып, бірбеткейлік, табандылық танытатын болса, алмайтын асуы аз.
Наурызда дүние есігін ашқан ерлер ақкөңіл, сезімтал болғандықтан не болса сол жандарын жаралай береді. Олар тәуекелшіл емес. Соған қарамастан, қандай қиындық көрсе де, үнемі алға қарай ұмтылады. Атақ пен даңққа ие болса, оны уысында көп ұстап тұра алмайды. Себебі оған мастанып кетеді де беделін әпсәтте жоғалтып алады. Өз- гелердің жоғарылауын, жақсы жағдайларға ие болуын өзінің жеңілісіндей сезініп, іштарлық танытады. Оның бақытсыздығына осы басты себеп. Бұл айда туылған әйелдер болашағына бал ашқызғанды, құмалақ салғызғанды ұнатады, көріпкелдерге қатты сеніп, оларға баруға құштар. Олар үшін өзінің сыртқы сұлулығы бірінші орында, үй шаруасы екінші орында. Тез ашуланады, көп шығын шығармайды, тәттіні ұнатады.
Сәуірде туылғандар
Көкек (сәуір) айында жарық дүние есігін ашқандардың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез қабылдайды, өзіне-өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандырады. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды. Ерлер үйленерде сезімнен гөрі есепке көңіл бөліп, үйленгенде жағдайы қалай болады, ол әйелдің басқа әйелдерден артықшылығы қандай, ата-аналары кімдер, әлеуметтік дәрежесі қандай, соның бәрін ой та-разысына салады. Сәуірде туылған әйелдер үшін керісінше, оларға тұрмыс жағдайы басты мәселе болып саналмайды. Олар адамгершілік пен сыйластықты ең бірінші орынға қояды. Күйеуіне, отбасына құрметпен, сыйластықпен қарайды. Ақылдылығы, мінезінің ашық жарқындылығымен көпшілікті үйіріп әкетіп, ұйытқы бола біледі. Мамыр айында туылғандар Олар – принципшіл, бір-беткей, билікқұмар. Бұл айда туылған ерлер отбасына жайлы, үй ішін толық асырай алады. Қатал мінезді болса да әйелінің шағымын, көз жасын жүрегіне жақын қабылдап, оларды жұбатып, әлсіздерге көмектескіш.
Мамырда дүниеге келген әйелдер кекшіл, өзіне жамандық жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды. Күйеуімен тез ажырасқаны-мен кейін оған қатты өкінеді. Бұл әйелдерді тұрмыс жағдайы қатты алаңдатады. Жұбайы содан кейін ғана қызықтырады. Сол себепті күйеуі асырай алмаса, тұрмыс жағдайын нәшарлатып жіберсе, оны көп көтере алмай, ажырасып тынады.
Маусым айында туылғандар
Олар – уайымшыл, жаны тез жараланғыш, өз істеріне байыппен, сергектікпен қарайтындар. Дарындылық пен алғырлық, мейірімділік мінез- құлқына, бойына тән қасиеттер. Жақындары мінез-құлқын көп тани бермеуі, оларды тұйық санауы мүмкін. Олар туыстарының олай ойлауына жол бергенімен, сырт адамдармен ашық-жар-қын қарым-қатынаста болады, шешіліп сөйлеседі. Дау-дамайды ұнатпайды, одан бойын аулақ ұстайды. Маусымда туылған ерлердің қызмет пен махабатта жолының болғыштығы – маңдайына жазылған нәсібі. Алайда олар көрсеқұмар, не болса соған қызыққыш. Содан құмартқан, қызыққаны-нан тез жалығып шыға келеді. Тазалықты жақсы көреді.
Маусымда туылған әйелдер үй тазалығын сүйеді. Көп уақыты соған кетеді. Әдемі әрі қымбат ыдыс-аяқтарды қалайды. Мереке сайын болмашы бір сыйлық ұсынса да сол адамды көпке дейін мақтап жүреді. Шілде айында туылғандар Олар - өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз болып келеді. Тәкаппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді. Алайда дос, жолдас, құрбыларының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс. Бұл айда туылған әйелдер күйеулерін билеп-төстеуге құштар. Қашанда бір нәрсеге көңілі толмай, сол үшін ұрыс шығарып, сүттей ұйып отырған татулықтың, тыныштықтың шырқын бұзады.
Шілдеде өмірге келген ерлер – сенгіш. Кім көрінгенге, не болса соған сенемін деп, өмірде жиі қателеседі. Егер-де алғашқы махаббатында жолы болмай қалса, көпке дейін сүрбойдақ болып тірлік кешуі мүмкін. Бірақта олар-барлық сәтсіздіктерге төтеп бере алатын, өз тағдырына өкінбейтін, отбасында анасына қатты жақын жандар. Олардың бойындағы басты ерекшелігі осы. Сондықтанда мұндай шілде айында туылған ер адамға күйеуге тиген әйелдер оның анасын, өзінің енесін ұнатсын, ұнатпасын, оған құрмет көрсету арқылы ерінің көңілін таба алады. Тамыз айында туылғандар Олар – бірбеткей, қуатты, әсершіл. Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал. Бұл айда дүние есігін ашқан ерлер – сезімтал, айналасындағылардан мақтау күтетін, өзін сынағандарды жек көретін, көбінесе алғашқы отбасысы ұзаққа бармайтын жандар. Тұрақсыз болса да әйелін қатты қызғанатын мінезі бар.
Тамызда туылған әйелдер өзіне сенімді, қайратты, тек уайымшыл, үй шаруасына пы-сық, кек сақтай бермейді. Қыркүйек айында туылғандар Олар – қызуқанды, әсершіл, мақсат қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін-өзі жақсы көретін, есепке өте жүйрік жандар. Үнемі алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің жолын іздестіріп жүреді. Қыркүйекте туылған әйелдер жұбайынан гөрі өзінің жағдайын көп ойлап, сол үшін қам жейді. Еркіндікті қалайды, шыдамсыздық танытатын кездері көп. Ұйқышыл, сол себепті жұмысқа жиі кешігіп барады. Үйін таза ұстап, тағамды дәмді әзірлеп, үй шаруасын тап-тұйнақтай тындырып тастайды.
Қыркүйекте жарық дүние есігін ашқан ерлер қызғаншақтарды жек көргенімен, өздері қызғаншақ, көрсеқұмар. Жар таңдауда өте сақтық танытады. Көп ақшаны құмар ойынына жұмсап, ұтылып қалса да өкінбейді. Алайда, өзінің рұхсатынсыз әйелі ақша жұмсаса оған ренжіп қалады. Сараң, қарызға ақша сұрап алуың қиын. Тұрмысының жақсы болғанын қалайды. Қазан айында туылғандар Олар – қарапайым. Бұл олардың басты ерекшелігі. Қазанда туылған ерлер өтірікке жақын, оның сөзінің қайсы шын, қайсы жалған, сезу қиын. Ақылды да достықты жоғары бағалайтын, қаржымен байыпты жұмыс істейтін, шешімді көп ойланып қабылдайтын, оның алдында ақылды адамдармен сөйлесіп алатын, алайда көбінесе өз көзқарасын дұрыс санайтын адамдар. Қазанда туылған әйелдер – принципшіл. Сатқындық пен екіжүзділікті кешірмейтін, есте сақтау қабілеті жоғары, өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күресетін жандар. Үй шаруасына пысық. Өзін сынағандарды жек көреді. Қараша айында туылғандар Бұлар – есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де баратын, қасындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақшасына қыдыруға әзір адам- дар. Содан қаржы тапшылығын жиі көреді, бірақта одан қорытынды шығармайды. Қарашада туылған еркектердің жүйкесі жұқа болады, тез ашуланғыш, не болса соған шамданады. Тек аңқау, тез алданғыш, соңғы тиынына дейін бере салатын қолы ашық, достыққа адал. Алайда тездостасып, тез ұрысып қалады.
Қарашада туылған әйелдер – тәкәппар, өзін-өзі сүйетін, отбасында өздерін жетекші санайтын, күйеулерімен көп санаса бермейтін жандар. Жар таңдауда ынжық, момын еркектерге күйеуге тиеді. Бала тәрбиесінде қатал, көпшілік арасында көзге түсуді жақсы көреді.
Желтоқсан айында туылғандар Олар – сезімтал және көңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған ерлер ашуланғанда өзін-өзі ұстап тұра алмайды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай-шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағымсыз жайларға жиі себепкер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қызуқанды, өте нәпсіқұмар, дос-жолдастарының көп болғанын қалайды. Желтоқсанда туылған әйелдер – ашық мінезді, үйден гөрі түздің шаруасын жақсы көреді. Бала тәрбиесін басты мәселе санайды. Және де олар- сезімтал, қызуқанды, өкпені кешіре бермейді.
http://info-tses.kz/red/article.php?article=65899