Жаңа жылға 3 күн қалды
Жаңа жылға небәрі 3 күн қалды. Шынында жаңа жылды асыға күткенімізбен, мерекелік көңіл-күй барлығымызда бірдей емес. Адам есейген сайын мерекенің қызығы таусыла бастайды ма, түсініксіз?! Әсем, биік шыршалар, түрлі ойыншықтар, әндер, мұз қалашықтар, бәрі-бәрі жаңажылдық көңіл-күй үшін жасалып жатқаны белгілі. Сондықтан көңіл-күйіңізді түсірмей, жақсы көңіл-күймен мерекелік дайындықты бастағаныңыз абзал.
Жаңа жылға 3 күн қалды. Сіз нені дайындадыңыз? Неге дайынсыз? Осы сұрақтардың шешімін тауып қойғаныңыз жөн. Үйіңізде шырша құрылмаса, бүгіннен кешікпеңіз. Жаңа жыл күні, не бір күн бұрын құрылған шырша үйіңізде мерекелік көңіл-күйді қалыптастыра алмайды.
Жаңа жылға 3 күн қалды. Мерекелік кештің мәзірін жоспарладыңыз ба? Осы сұрақты да қамти өткен дұрыс. Себебі 31 күні дастарханға базарлық алып, оның бәрін бір күнде дайындап үлгере алмай қалуыңыз ғажап емес. Сол себепті алдын-ала базарлық жасап қойған жөн. Түрлі тәттілер мен салаттарды дайындауға жарты күн кететіндіктен, мәзір түрлері мен уақытыңызды да ойластырып қойыңыз. Сонымен қатар қонаққа баратын не қонаққа шақыратын дос-жаран, жақындарыңызды бір ой елегінен өткізіңіз. Не болса да, ертеңге жоспар түзіп, іштей дайындық жасаудың артықтығы жоқ.
Жаңа жылға 3 күн қалды. Жаңа жылға арнап жаңа киім сатып алғанды бәріміз жақсы көреміз. Ал мұны сіз ертерек қамдап қоймасаңыз, жаңа жылға 1 күн қалғанда ойыңыздағы көйлегіңізді таппай қалуыңыз мүмкін.
Мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру, сол мерекені ойдағыдай жақсы етіп өткізу әркімнің өз қолында. Сол себепті жаңа жылға дайындықты бастаған бұрыс болмас. Келе жатқан мешін жылы құтты болсын!