Тауар белгісінің құқығын рәсімдеу, белгінің шет елдегі қызме

Тауар Белгісі – бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
1. Тауар белгісін тіркеудің түрлері иен мақсаты, белгінің шет елдегі қызметі
Тауар белгісін қолдануға ішкі саудада ғана емес әлемдік саудада да үлкен сұранысқа ие. Тұлға өз тауары мен қызметін сыртқы шет елге саудаға шығарар алдында өз тауар белгісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.Ол үшін кез-келген елдің халықаралық жүйесінің тіркеуін пайдалануға болады немесе ҚР 1993 жылы ақпан айында қосылған халықаралық белгілер тіркеуінің Мадрид келісімшартының жүйесіне өз тауар белгісін тіркеу арқылы.
Халықаралық жүйеде өз тауар белгісін тіркеу үшін өтініш жазушы кай елден қауіпсіздігін қамтамасыз еткізгісі келсе, сол елдің заңын білуі қажет.
Тауар белгісінің иесі патенттік сенімдеумен және қорғау құжатын алу үшін әр елдің заңына сәйкес қаржысын төлеуі қажет.
Мадридтік жүйені пайдалана отырып өтініш беруші қорғау алғысы келген жерден Халықаралық ВОИС бюросына берген өтінішінде Мемлекет атын көрсетуімен ала алады.
Бір шешімге келген Мемлекеттер 52 келісілген Мемлекет кіретін союз құрды. Мадридтік келісімшарттын жұмысшы тілі француз.
Тауар белгісін халықаралық тіркеуден өту үшін Мадрид келісімшартының басты талаптарын белгілеу керек:
1. халықаралық тіркеуге өтініш беру үшін бір елдің ұлттық ведомствада тіркелген болуы керек;
2. өтініш сол елдің ведомствасы арқылы берілу керек;
3. өтініш беруші сол елдің азаматы, тұратын жері, өндірістік орны болуы керек;
4. сол ел Мадрид келісімшартының қатысушысы болуы керек;
Мадрид жүйесін 60-қа жуық Қазақстандық пайдаланған, соның ішінде Ульбиннің металлургиялық заводы, Усть-Каменогорсктың қалайы-қорғасын комбинаты, “Казахойл”ұлттық мұнай газ компаниясы сияқты ірі кәсіпкерлер, халықаралық тіркеу иелері орта өндірістер: мысалы ТОО “Табифарм” ТОО “Арома” және т.б
2.Тіркеудің процесі
Жоғарыда айтылғандай тауар белгісін шет елде тіркеу үшін бір елдің ұлттық тіркеуін қамтамасыз ету керек. Бұл үшін конвенциялық приоритетін сақтау үшін ұлттық өтініш тез арада өтуі қарастырылған.
Кейін халықаралық ВОИС бюросына халықаралық өтініш дайындалады. Өтініште бір елдің ведомствасы, өтініш берушінің аты, мекен жайы, ұлттық тіркелу жайында ақпарат, тауар белгісінің өзі, көрсетілетін қызметтер мен тауарлар, сол елдің құқықтық қорғауы мен төлем ақы келісім шарты керек. Халықаралық тіркеу өте қымбат процедура және халықаралық ВОИС бюросында төлем талаптары көрсетілген.
- басты төлем-белгінің тіркеуі қара-ақ болғанда 653 швейцарь франкі, түрлі түсті белгіде 903 швейцарь франкі;
- үштен жоғары әр тауар мен қызмет класы үшін қосымша төлем 73 швейцарь франкі;
- тауар белгісін қорғайтын ел көрсетілгені үшін қосалқы 73 швейцарь франкі
Халықаралық ВОИС бюросы өтініштердің дұрыстығына экспертиза жүргізеді. Егер өтініш белгіленген талаптарға сай болса, халықаралық бюро белгіні халықаралық реестрде тіркеп, белгінің халықаралықта тіркелген жайлы қай елге тіркелетіні көрсетілген сол елге хабарлама жіберіледі және белгі иесіне сертификат беріледі.
Айта кететін жайт, тіркеу уақыты болып халықаралық бюроға өтініштің келіп түскен уақыты болып саналады, халықаралық бюро өтінішті алған кезден екі ай ішінде жауап беруі керек.
3. Халықаралық өтініштердің экспертизасы
Қорғау көрсетілетін әр елдің ведомствасында ұлттық заңнамасына сәйкес тауар белгісіне экспертиза жүргізеді және көрсеткіштері бойынша шешім қабылдайды.
Мадрид жүйесінің басты мінездемесінің бірі болып тауар белгісіне қорғау құжатын алған ел тек өз шекарасында ғана қорғайды. Егер құқық қорғайтын елден отказ келсе онда ол тауар белгісінің тіркеуі жоқ немесе басқа тауар белгілерімен шатасады немесе басқа тауар белгілеріне ұқсайды.
Ұлттық патенттік ведомства отказ берсе ол туралы халықаралық ВОИС бюросына бір жыл ішінде айтуы керек.
Егер ол уақыттан өтіп кетіп, келісілген мемлекет отказ шығармаса, онда бұл өтініш қорғалатын болып табылады. Одан соң халықарлық бюроға экспертизаның шешімі жайлы айтпайақ қойса болады.
Өтініш беруші отказбен келіспесе, бекітілген қаржыны төлеп белгіленген уақыт ішінде арыз жаза алады. Арыз отказ шыққан күннен бастап үш ай ішінде берілуі керек. Қаржы төленген уақыттан бастап 6 ай ішінде арыз қайта қаралады. Шет ел азаматы отказ алса тек патенттік сенімді өкіл арқылы ғана арыз жаза алады. Арыз қаралған соң мүмкін ол соңғы отказ алады немесе өз тауар белгісіне құқық қорғау мүмкіндігін алады. Болмаған жағдайда арызданушы апелляциалық совет ведомствасына шағымданады. Апелляциалық совет отказ берген жағдайда ол сотқа шағымдана алады. Белгі тіркеуі 10-20 жылға жарамды және оны халықаралық ВОИС бюросы арқылы ұзартуға болады. Халықаралыққа тіркелген уақытынан 5 жылдан соң халықаралық тіркеу ұлттық тіркеуге байланыссыз болады. Егер белгілі бір жағдайларда ұлттық тіркеу жойылса халықаралық тіркеу ары қарай жарамды болады.