Авторлық бірлестік

ҚазАҚ — өзінің атқаратын қызметі жөнінен авторлардың мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқаратын ұйым да, ал құқықтық-ұйымдасу жағынан – республикалық қоғамдық бірлестік болып табылады. Ол өз жұмысын ерікті түрде және тең құқықты мүшелік негізінде жүзеге асырады. ҚазАҚ қызметін бүкіл Қазақстан аумағында жүргізеді.
ҚазАҚ-тың негізгі атқаратын қызметі – авторлардың мүліктік құқығын басқару, яғни авторлардың атынан олардың туындыларын пайдалануға рұқсат беру, авторлық сыйақыларын жинау, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу. Сонымен қатар ҚазАҚ авторлардың шағымы бойынша, сондай-ақ өз бастамасымен де авторлардың бұзылған құқығы үшін сотқа жүгініп, өтемақы талап етеді.
ҚазАҚ авторлар (құқық иелері) өздерінің мүліктік құқығын бақылауды олардың өздері тікелей жүзеге асыра алмайтын жағдайда (жария орындау,с.і. телеарналар мен радиода, туындыларды механикалық жазба яки магниттік жазба жолыымен қайта шығаруда, т.б.) ұжымдық негізде басқарады.
Авторларға (құқық иелеріне) шығармаларын тікелей өздері пайдалануға беруіне байланысты қажетті көмегін көрсетеді.
ҚазАҚ отандық авторлармен қатар шетел авторларының да Қазақстан аумағындағы мүліктік құқығын қорғауды қамтамасыз етумен айналысады. Сондай-ақ қазақстандық авторлардың құқығы дүниежүзі көлемінде бұзылмауын да бақылайды.
ҚазАҚ - халықаралық СИЗАК ұйымының мүшесі. Ол әлемнің 221 елінің 229 қоғамын біріктіреді.