Авторлық құқық объектісі

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Авторлық құқық белгілі бір объективті түрге ие болған:
• жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
• ауызша (көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдында орындаушылық және сол сияқты);
• үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттік, оптикалық және сол сияқты);
• бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);
• көлемді - кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат, және сол сияқты);
• өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшілік алдында орындалған, көпшілік алдында көрсетілген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
• Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгілері бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлігі (оның атауымен, кейіпкерлердің атауларымен қоса) авторлық құқық объектісі болып табылады.
• Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды.
• Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектіні меншіктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектіге меншік құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы объектіде көрсетілген туындыға авторлық құқықтың берілуіне әкеп соқпайды.
1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; Z010242
10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; Z020332
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.
3. Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.