Интеллектуалық меншікті қорғау бойынша халықаралық ұйымдар И
Интелектуалды меншікті қорғау бойынша халықаралық Қауымдастық (International Association for the Protection of Intellectual Property, AIPPI) – интеллектуалды меншікті қорғау жөніндегі мәселелермен айналысатын халықаралық ұйымдар арасында жетекші орынға ие. AIPPI дің негізгі мақсаты: интелелктуалды меншікті қорғаудың халықаралық және ұлттық жүйелерін нығайту мен дамыту болып табылады. AIPPI дің мүшелерінің мүмкіндіктері: 100 жыл ішінде жасалған AIPPI жүйесін, өнертабыстар, тауар таңбалары, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, авторлық құқықты және интеллектуалды меншіктің басқа да объектілерін қорғаудың отандық және шетелдік тәжірибелерін зерттеу үшін, қолдану.
Интеллектуалды меншіктің Бүкіләлемдік ұйымы (ВОИС, World Intellectual Property Organization, WIPO) – интеллектуалды меншік саласындағы кілтті халықаралық конвенциялардың әкімшілік мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйым.
ВОИС интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы ең алғашқы халықаралық ұйым болып саналады. ВОИС 1970 жылдан бері қызмет етеді, бірақ оның негізі 1883-1886 жылдары салынды, ол кезде екі негізгі келісімдер қабылданды: Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы және Әдеби және көркем шығармаларды қорғау бойынша Берн конвенциясы. ВОИС мақсаттары:
• Бүкіл әлемде интеллектуалды меншікті қорғауға, мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы және кез келген басқа халықаралық ұйыммен өзараәрекеттесуі арқылы жәрдемдесу.
• Интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы Одақтастықтар арасында әкімшілік ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Еуразиялық патенттік ұйым (ЕАПО) – Еуразиялық патенттік жүйесінің қызмет етуімен және еуразиялық патенттер берумен байланысты әкімшілік есептерді орындау үшін бекітілген халықаралық ұйым. Ұйым мүшелері бұрын КСРО құрамына енген мемлекеттер болып саналады. Ұйымның ресми тілі орыс тілі. ЕАПОның штаб квартирасы Ресейде Мәскеу қаласында орналасқан. Ұйымның органдары Әкімшілік кеңес пен Еуразиялық патенттік ведомство болып табылады. Еуразиялық патенттік ведомство өнертабыстарға патенттік қорғау береді. Еуразиялық патенттік ұйым өзінің патенттік ақпараттық жүйесіне ие, ол патенттік құжаттаманың әлемдік, аймақтық және ұлттық қорларына қол жетімдікті қамтамасыз етеді.