Патентке халықаралық өтінім беру

Қазақстан Республикасының өтінім берушілеріне арналған Еуразиялық патенттік конвенцияға Патенттік нұсқаулықтың 40 ережесіне сәйкес еуразиялық өтінім беруге баж салығын төлеуде уақытша жеңілдік тарифы белгіленген.
Еуразиялық өтінім беру үшін Конвенцияның 15 (2) бабына сәйкес келесі баж салықтары төленеді:
(i) еуразиялық өтінім беру үшін бірыңғай тәртіптік баж көлемі - 2550 рубль;
(ii) бесіншіден жоғары өнертабыс формуласының әр тармағына қосымша баж Патенттік нұсқаулықтың 24 (7) ережесіне сәйкес – 220 рубль;
Бір нысанға мәні бойынша сараптама жүргізу үшін баж – 2550 рубль;
өнертабыс тобы үшін – 4450 рубль.
Жоғарыда көрсетілген уақытша жеңілдік тарифы әрбір тұрғынға тиісті жалпы ұлттық табыс деңгейі 3000 $ АҚШ долларын құрайтын мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғаларының жарғылық капиталында еуразиялық өтінімді беруге тура не жанама инвестициялары бар заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Бұл жағдайда еуразиялық өтінім беру үшін баж көлемі төмендегідей болады:
(i) еуразиялық өтінім беру үшін бірыңғай тәртіптік баж көлемі - 25500 рубль;
(ii) бесіншіден жоғары өнертабыс формуласының әр тармағына қосымша баж Патенттік нұсқаулықтың 24 (7) ережесіне сәйкес – 2200 рубль.
Еуразиялық өтінім беру кезінде жоғарыда көрсетілген уақытша жеңілдік тарифын пайдаланғысы келген заңды тұлғалар олардың уақытша жеңілдік тарифына құқықтарын растайтын құжаттарын ұсынады.
Қазақстан өтінім берушілері Еуразиялық патенттік ведомствомен Еуразиялық патенттік ұйымның Халықаралық Мәскеу банкіндегі есеп шотына баж салығын аудару арқылы немесе Қазақстан Ұлттық банкінің төлем күніне сәйкес белгіленген баж көлеміне эквивалентті сомада теңге бойынша ҰЗМИ шотына аудару арқылы есеп айрыса алады.
1.Халықаралық баж:
- 1, 367(10% = 136,7)USD, 30 беттен жоғары әр бетке қосымша 15 (10%=1,5) USD;
РСТ Ассамблеясының 1996 жылғы 1 каңтардағы шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген баж салықтары әрбір тұрғынға кіріс 3000 АҚШ долларынан кем болатын мемлекеттің азаматтары немесе тұрғындары болып табылатын өтінім беруші-жеке тұлғаларға 90% төмендетілген. (Қазақстан мұндай мемлекеттер қатарына кіреді). Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, оның әрқайсысы бұл талаптарға сәйкес болуы қажет.
2. Халықаралық іздеу жүргізу мен алдын ала халықаралық сараптама жүргізуге баж сәйкес болады:
-егер халықаралық іздеу органы ретінде РФ ФӨМИ таңдалса, іздеу үшін – 5000 руб., сараптама үшін – 2000 руб., қайта өңдеу үшін 192 USD (10% жеке тұлғалар үшін - 19,2 USD) қажет;
- егер Еуропалық патенттік ведомство (ЕПВ) таңдалса: іздеу үшін – 1, 785 EUR; сараптама үшін - 1, 760 EUR, және қайта өңдеу үшін баж - 132 EUR.
Еуропалық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің шешіміне сәйкес 2010 жылдың шілде айынан бастап халықаралық іздестіру мен халықаралық алдын ала сараптама жүргізуге баж салығына Қазақстан үшін болған жеңілдіктер жойылды.
3. ҰЗМИ-да халықаралық өтінім материалдарын қайта өңдеу үшін және оларды Халықаралық органға қайта жіберу үшін тариф:
8 243,20 теңге +12% ҚҚС