Алдын ала патент және патент алу жөнінде істер жүргізу
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында бір өнертабысқа екі бірдей қорғау құжаты беріледі, ол – алдын ала патент және патент. Бұл ретте патентті алдын ала патентсіз алу мүмкін емес. Дегенмен алдын ала патент үстірт сараптама жүргізілгеннен кейін және өтінім берілген объектінің патенттік қабілеттілігі шарттарына сәйкестігін тексерместен,өтініш берушінің тәуекелі мен жауапкершлігіне, ал патент үстірт сараптама және ақпараттық іздестіруді жүргізуді және патенттік қабілеттік шарттарына сәйкестігін тексеруді қамтитын мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін берілсе де, осы екі құжаттың қорғау күші бірдей.
Еңбекке жалдау шарты немесе осы шартты толықтырушы жеке келiсiмде қызметтiк өнертабыстарға қатысты тараптардың құқықтарына байланысты пәтуәлар болмаған жағдайда жұмыс берушiде жұмыс iстеген кезеңде қызметкер жасаған қызметтiк өнертабыстарға алдын ала патент және патент алу құқы қызметкерге тиесiлi болады.
Қызметтiк өнертабыстар хақындағы тараптардың құқыларына қатысты бұрын жасалған еңбекке жалдау шартына тиiстi қосымшалар енгiзу жөнiндегi жұмыс берушiнiң ұсынысынан қызметкердiң бас тартуы еңбек заңдарында және iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiнде қарастырылған еңбекке жалдау шартын бұзуға дейiнгi тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға негiз бола алады.
Еңбек шартына тиiстi қосымша жәйттер енгiзу жөнiндегi жұмыс берушiнiң ұсынысын алғанға дейiнгi қызметкер жасаған өнертабысқа деген барлық құқық қызметкерге тиесiлi. Егер өнертабыстар қызметкердiң бұрынғы қызмет аясына қатысты болса және оларды жасау кезiнде кәсiпорынның ерекшелiгiн құрайтын техникалық бiлiмдер немесе құралдар пайдаланылса, жұмыс берушiмен еңбек қатынастарын тоқтатқаннан кейiнгi бiр жыл iшiндегi қызметкердiң қызметтiк өнертабысына деген құқы шартта немесе келiсiмде жұмыс берушiде сақталуы қарастырылуы мүмкiн.
Шартта басқа да жағдайлар қатарында ерекше жеке жұмыс тәртiбi, материалдармен, қаржымен және көмекшiлермен қамтамасыз етiлуi, әлеуметтiк сипаттағы қосымша кепiлдiктер жөнiнде де нұсқаулар болуы мүмкiн.
Егер жұмыс берушi қызметтiк өнертабыстан бас тартса, бұл турасында он күн iшiнде қызметкерге жазбаша түрде мәлiмдесе немесе қызметкерi жасаған өнертабыс жөнiнде мәлiмдеген күннен бастап төрт ай iшiнде Қазпатентке өтiнiм жасамаса, өтiнiм беру құқын өзге адамға бермесе әрi қызметкерге объектiнi құпия сақтау жөнiнде хабарламаса, онда қызметкер өтiнiмдi өзi берiп, патенттi (алдын ала патенттi) өз атына алуға немесе жасалынған шарт негiзiнде оның құқын үшiншi бiр адамға беруге қақысы бар.
Қызметтiк өнертабыс құқы қызметкерге бұлайша өткен жағдайда жұмыс берушi тиiстi қызметтiк өнертабысты өз өндiрiсiнде лицензиялық келiсiм негiзiнде пайдалануға құқылы.
Қызметкер қажеттi декларацияларға, мәлiмдемелер мен өзге де талап етiлетiн құжаттарға қол қоюды қоса алғанда, өнертабысқа өтiнiм жасау материалдарын рәсiмдеуге қатыса отырып, жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының алдын ала патентiн (патентiн) және басқа да елдердiң қорғау құжаттарын алу бойынша барлық қажеттi iс-әрекеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.
Жұмыс берушi қарауға қабылданған өтiнiм бойынша iстiң жүру барысы жөнiнде қызметкерге хабарлайды, сондай-ақ еңбекақысын сақтап, оны негiзгi жұмысынан толық немесе iшiнара босатып, оның қызметтiк өнертабысты пайдалануға әзiрлiк жұмысына қатысуына мүмкiншiлiк бередi.
Жұмыс берушi қызметтiк өнертабысқа патенттiң (алдын ала патенттi) қолданылуын тоқтату жөнiнде шешiм қабылдаған жағдайда ол қызметкерге дер кезiнде аталмыш патент (алдын ала патент) құқығын алу үшiн шарт жасасуға ұсыныс жасауға мiндеттi.
Патент алуға өтiнiм сараптама жасау ұйымына берiледi.
Автордың немесе оның құқықтық мирасқорының патент алуға өтiнiм беруге құқығы бар.
Селекциялық жетiстiк қызмет тапсырмасын немесе қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, патент алуға өтiнiм беру құқығы жұмыс берушiге тиесiлi болады.
Егер селекциялық жетiстiктi бiрнеше адам жасаса, ашса немесе шығарса немесе олар авторлардың құқықтық мирасқорлары болса, өтiнiмдi сол өтiнiш жасаушылар беруi мүмкiн.
Өтiнiм сенiмхатқа негiзделген өкiлеттiкке сүйенiп, патент алуға байланысты iстi жүргiзетiн өкiл арқылы берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патент алу және олардың күшiнде болуы жөнiндегi iстердi жүргiзедi, шағым кеңесiне қарсылықтар бередi және уәкiлеттi органда тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы оларды қарауға қатысады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiндегi хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз патенттермен байланысты iстердi жүргiзе алады.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi оған өтiнiм берушi немесе патент иесi берген сенiмхатпен куәландырылады.
Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм өсiмдiктiң әрбiр сортына, жануарлардың тұқымына ресiмделедi және онда:
1) патент беру туралы өтiнiш;
2) селекциялық жетiстiк сауалнамасы;
3) iс өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхат болуға тиiс.
Селекциялық жетiстiкке патент беруге жасалған өтiнiмге белгiленген мөлшерде өтiнiм беруге ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi ақы төленген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.
Белгiленген мерзiмде ақы төленгенi туралы құжаттар табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген деп танылады.
Патент алуға арналған өтiнiм мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды және оларды қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Мәлiмделген сортқа, тұқымға сараптама жасауға қажеттi басқа құжаттар мен материалдар мемлекеттiк комиссияның сауал салуы бойынша берiледi.
Сараптама жүргiзуге арналған өтiнiмдi мәнi бойынша қарау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды