Сараптама жасау ұйымы

Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі «Патент туралы» Заңына сәйкес:
4-1-бап. Сараптама жасау ұйымы
1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.
2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге өтiнiмдер қабылдау;
2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге сараптама жүргiзу;
3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу;
4) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер туралы мәлiметтердi жариялау;
5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға (селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салалардағы қызметтi жүзеге асыратын, уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.
Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдер қабылдау;
2) селекциялық жетiстiктерге алдын ала сараптама жүргiзу;
3) селекциялық жетiстiктердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
4) селекциялық жетiстiктер туралы мәлiметтер жариялау;
5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
Сараптаманы жүргiзу тәртiбi
Сараптама өтiнiм берген күннен бастап алты ай iшiнде жүргiзiледi. Сараптама барысында, осы нұсқаулықпен белгiленген талаптарға, өтiнiм мазмұнына және қажеттi құжаттардың бар болуына тексерiледi, мәлiмденген белгiнi Заңның 26 және 27-баптарына сәйкестiгiне талдау жасалады.
Сараптама қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган, тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) оны пайдалану құқығын беру туралы шешiмiн немесе тауар шығарылған жер атауын тiркеуден және (немесе) оны пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиiстi шешiм қабылдайды.
Сараптаманы жүргiзу барысында төмендегiлер тексерiледi:
- мәлiмделген белгiнiң Заңның 26, 27 және 29-баптарымен қаралған, талаптарға сәйкестiгi;
- егер мәлiмделген белгi тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде тiркелген жағдайында, тауар шығарылған жерлердiң атауы ҚР мемлекеттiк тiзiлiмiдегi (бұдан әрi – мемлекеттiк тiзiлiм) мәлiметтерге, сәйкес тауардың ерекше қасиеттерiнiң сипаттамасы;
- географиялық объектiге ие атау, тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде өтiнiм берiледi мәлiмделген белгi географиялық объектiнiң ресми қазiргi атауына немесе оның ресми тарихи атауына;
- өтiнiмде белгiленген шекараларда, нақты сол жерде, тауардың шыққан атауы ретiнде аталатын атауы, географиялық объектiнiң орналасуын растайтын мәлiметтердi;
- Егер географиялық объектiнiң атауы өзiнiң тауардың нақты шыққан жерiн және оның ерекше қасиеттерiнiң бастапқы қабiлеттiлiгiн жоғалтқан жағдайда, белгiлi түрдiң тауар шығарылған жерiмен байланысты емес, географиялық атауы ретiнде қарастырылады.
Мәлiметтердiң барын белгiлейтiн құзыреттi органдар қорытындыларының мазмұнын тексеруiн растайды:
• тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде аталатын мекенде өтiнiш берушiнiң табылуын;
• тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде аталатын, өтiнiмде аталатын мекен аймағында, өтiнiш берушiмен тауар өндiрiсiн;
• өтiнiмде аталған, оның iшiнде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен географиялық объектiге тән өтiнiмде аталған, ерекше қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен анықталатын, өтiнiш берушiде ерекше қасиеттерi бар тауардың бар екендiгiн.
Егер тiзiлiмде тауар шығарылған жердiң атауы тiркеуден өтсе, сараптама жасау ұйымы, Тiзiлiмде аталған, тауар және оның қасиеттерiнiң шығарылған жердiң атауына қатысты салыстырмалы талдау жасайды.
Тiзiлiмге енгiзiлген атауына, объектiдегi тауар қасиеттерiне, географиялық атауына қатысты, тауардың сапалы және/немесе басқа да сипаттарының сәйкес келмеген жағдайда, мәлiмделген белгiге тауар шығарылған жердiң атауы пайдалану құқығын беруге және/немесе тiркеуден бас тартылады.
Осы Нұсқаулықпен белгiленген талаптарының және өтiнiмге қосымша берiлетiн құжаттарын сараптама кезiнде бұзушылықтар анықталған жағдайда, өтiнiм берушiге сұрау салу күннен бастап үш ай iшiнде, жетiспеген және түзетiлген құжаттар мен мәлiметтердi ұсыну ұсынысымен және анықталған бұзушылықтары көрсетiлген, өтiнiм жiберiледi.
Сұрау салуға келесi негiздемелер жатады:
• тиiстi төлем туралы толық емес және мүлдем төленбеген мәлiметтерi дұрыс төленбеген жағдайда;
• өкiлге берiлген, сенiмхаттың мүлдем болмауы немесе қате рәсiмделуi;
• мәлiмденген белгiнi анықтау;
• тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тiркеуге сұралатын, тауар түрiн анықтау;
• тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беру және/немесе тiркеуге сұралатын, тауар өндiрiсiнiң жерiн анықтау;
• өтiнiмде аталған, тауардың ерекше қасиеттерiнiң сипаттамасын анықтау;
• осы Нұсқаулықтың 8-тармағында аталған және құзыреттi органдардың қорытындысының мазмұнындағы мәлiметтердi, сондай-ақ өтiнiмде анықталған объектiге қатысты, табиғи жағдайлар мен адамдық факторлардан тауардың ерекше қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен бар екендiгiн растайтын мәлiметтердi анықтауға негiз болып табылады.
Сараптама жасау ұйымы куәлiк алуға дайындығы және мемлекеттiк баждың тиiстi төлемi расталғаны және тiркеу туралы шешiмiнiң негiзiнде, Қазақстан Республикасы шығарылған жер атаулары Мемлекеттiк тiзiлiмде (бұдан әрi - мемлекеттiк тiзiлiм) нөмiрленiп (бұдан әрi - тiркеу нөмiрi) және мәлiметтердi енгiзу күнiн көрсетiп (бұдан әрi - тiркеу күнi), шыққан жер атауын пайдалану құқығын беру туралы мәлiметтерi және шығарылған жер атауын тiркейдi.
Өтiнiм тауар шығарылған жердiң бiр атауына қатысты болуы керек және:
1) өтiнiм берушiнi (өтiнiш берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, атауға сараптама жүргiзу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
3) тауардың түрiн;
4) тауардың айрықша қасиеттерiнiң сипаттамасын;
5) тауар өндiрiлген жердiң нұсқамасын (географиялық объектiнiң шекарасы) қамтуға тиiс.
Сараптама жасау ұйымы өтiнiмде қажеттi мәлiметтердiң болмаған жағдайында, өтiнiш берушiге өтiнiмдi қараудан бас тартуын хабарлайды.