Қызмет көрстеу таңбасы
Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 ж. 26 шілдедегі Заңына сәйкес:
Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) - осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (қызметiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.
Қазмет көрсету таңбалары транспорт, құрылыс, сақтандыру, ақпарат, радиохабарландыру, банк ісі, басылым істері мен теледидар, тұрмыс қызметтерін көрсету және т.б. салаларда қолданылады.
Көптеген елдерде қызмет көрсету таңбасы ерекше құқық объектісі ретінде заңды қорғауға ие болады.
Қызмет көрсету таңбалары заңдылық бойынша, белгілі бір заңды немесе жеке тұлғалардың қызметтерін басқа бірыңғай заңды немесе жеке тұлғалардың қызметтерінен ерекшелеуге қабілетті белгілеулер.
Қызмет көрсету таңбасының бірнеше түрлерін ажыратады:
• Сөздік (сөздер, әріптер тіркестері, сөз тіркестері, сөйлемдер, тілдік басқа да бірліктер);
• Көркемдеуші (тірі жандардың, заттардың, табиғи және басқа да объектілердің көріністері, кез келген формалы фигуралар, сызықтар, дақтар және т.б. композициялар);
• Көлемдік (үшөлшемді оюбъектілер, сызықтар мен фигуралардың комбинациялары);
• Басқа да қызмет көрсету таңбалары (дыбыстық, жарықтық және басқа да белгілеулер) немесе қызмет көрсету таңбаларының комбинациялары.
Қызмет көрсету таңбасы кез келген түсте немесе түстер гаммасында тіркелуі мүмкін.
Қызмет көрсету таңбасына ерекше құқықтың иесі заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер бола алады.
Қызмет көрсету таңбасы тек бір тұлғаға ғана емес, сонымен бірге заңды немесе жеке тұлғалар тобына да жатуы мүмкін.
Құқықтық қорғау барлық қызмет көрсету таңбаларына беріле бермейді. Қызмет көрсету таңбасын тіркеу үшін, бұл таңба белгілеудің ерекше қабілеттілігіне, белгілеудің жаңалығына ие болу керек.
Тіркелген қызмет көрсету таңбасына тауар таңбасына куәлік беріледі, бұл куәлік тауар таңбасына басымдығын, куәлікте көрсетілген тауарларға қатысты тауар таңбасына ерекше құқықты қамтамасыз етеді.