Ашық және басылыңқы инфляция

Нарықтық инфляция тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдауына байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп айырамыз. Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляциядейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында бағаның кезеңмен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда олардың өсуін баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық механизмін кәдімгідей өзгертіп, оны аса бұзбайды.
Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те айтады. Ол бағаны реттейтін (жалақыда болуы да мүмкін) экономикаға тән, яғни жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным тепе-теңдігінен болуын қолдау арқылы пайда болады. Мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы және тауар мен қызмет көрсетуді үлестіру өлшемі болуды тоқтатады.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260 %, 1994-те – 1258, ал 1995-тің аяғында «теңге» тұрақтана бастап, инфляция төмендеді және 60,3%-ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7 %,-тың маңында болса, 1997-ші жылы – 11,2%, 1998-ші жылы – 1,9 %, 1999-шы жылы – 17,8 %, 2000-ші жылы – 9,8 құраса, ал 2003 жылдың аяғында 5,9 %-ға тұрақтады.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрінөндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляциясаясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20 %-200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қаорқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті – МV=PQ қолдана отырып осыны қалай түсіндіруге болады? Егер М – n есе өскен болса, баға деңгейі сонша есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V – көрсеткішін де есепке алу қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдығы (V) күрт өседі, ал айналымға қажетті ақша көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымдағы ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен, инфляцияны тосу факторын қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір себебі ретінде қарастыруға болады.
Жоғарыда сөз болғандар инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады.

.