Инфляцияның себептері.
Инфляцияның себептері
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жургізілетін болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіде, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы қалыптасады.
Дисбаланстің себептерін әртүрлі жағынан түсіндіруге болады. «Инфляция» ұғымының теоретикалық негізі өзінің арсеналында үш негізгі бағыттан тұрады: инфляцияның Кейнс теориясынан; монетаристік сандық тұжырымдамадан; төтенше шығындардың теориясынан.
Инфляцияның Кейнс теориясы шаруашылық етуші субъектілердің кірістері мен шығындарының талдауынан шығады және жиынтық сұраныстың көбеюіне олардың әсер етуінен шығады, бұл өндіріспен, жұмыспен қамтылудың өсуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге жиынтық сұраныстың өсуі инфляцияның өсуіне себепші болады. Ақшаның монетаристік теориясы инфляцияның себептері ретінде қағаз ақшаларымен айналым арналарының сандай ернелеушілігін көрді. Төтенше шығындар теориясының авторлары (Дж.М. Кейнс, У.Тори, Р.Куэн) бойынша жалақымен байланысты шығындар ғана инфляцияның себебі болады.
Бағаның өсуінің шын мәніндегі инфляциялық себептерден маңыздыларын бөлуге болады. Біріншіден, айналымға жіберілген ақшалай салмаққа мемлекет жағынан бақылаудың жоқтығы. Екіншіден, мемлекеттік бюджеттің тапшылығында айқындалатын мемлекеттік шығындардың теңгерімсіздігі. Егер бұл тапшылық жаңа ақшалай массаны басып шығару арқылы толтырса, онда айналымда ақшалар массасының өсуіне әкеліп соқтырады. Экономиканы милитеризациялаумен байланысқан бюджеттік шығындар, әсіресе инфляциялы қауіпті болып табылады. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджеттің хроникалық тапшылықтарының басты себептерінің бірі болып табылады. Үшіншіден, ХХ ғасырда бағалар деңгейінің жаппай жоғарлауы нарық құрлымының өзгеруімен байланысты. Қазіргі замандағы нарық айтарлықтай дәрежеде олигополистік болып табылады. Олигополист бағанның үстінен едәуір билік жасауға ие. Төртіншіден, кәсіподақтардың қызметі. Мысалы, ұзақ инфляция, 60-шы жылдардың аяғында, 70-ші жылдарда көптеген кәсіподақтарды еңбек келісімшарттарына инфляцияны есепке ала отырып, кірістерін автоматты түрде түзететін өмір қүнының өсіміне түзетулер енгізуге мәжбүр етті. Бесіншіден, экономиканың рационалды емес құрылымы, бір сала екіншісіне залал келтіре отырып шеттен тыс дамуы.
Инфляцияның пайда болу себептері сыртқы да, ішкі де болуы мүмкін. Сыртқы себептерге көбінесе мыналар жатады: сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, сыртқы саудалық және төлем балансының теріс сельдосы, шикізат пен мұнайға бағаның бірнеше есе өсуімен сүйемелденетін құрылымдық әлемдік дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, экологиялық). Қазақстандағы инфляциялық құбылыс, мысалы, қазақстандық экспорттың маңызды бабын құрайтын жағармайға әлем нарығында бағаның құлауын күшейтті, сондай-ақ астықтардың едәуір импорты жағдайларында астық нарығындағы қолайсыз коньюнктура. Банктердің ұлттық валютаны шетелдіктердікіне айырбастауы қағаз ақшаларының қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, бұл инфляцияға апарады.