«Халық жауы» ретінде сотталған Омар Саурамбаев кім еді?
Сталиндік репрессияға ұшырап, жазықсыз «халық жауы» құрбандарының бірі менің туған ағайым Омар Дәуітұлы Саурамбаев болды. Сол, кешегі зұламатта азаматтың құқығы «халық жауы» аталынған Омардың отбасының мүшесі, інісі ретінде менде тебірене қолыма қалам аламын. «Омар халық жауы болып ұсталып, түрмеге жабылыпты» деген сөзді естігенде халық Омар «халық жауы» болса қалған ел не болмақ? Кім болмақ? Деп күңіреніп, үлкендер «тәуба» деп жағасын ұстаған-ды. Бұл шындық еді. Сонда «халық жауы» ретінде он жылға сотталған Омар Саурамбаев кім еді? ҰҚК-гі мұрағатқа жүгінсек:
Саурамбаев Омар Дәуітұлы 20-мамыр 1915 жылы Талды-қорған облысы Октябрь ауданы Қоңыр-өлең ауылында туған. Ұлты: қазақ, әкесі Дәуіт октябрь революциясына дейін байдың шаруашылығында еңбек еткен. Омар 1930 жылға дейін әкесінің қолында тұрып, ауыл мектебінің 4-сыныбын бітірген. 1931-жылы Қапалы Кеңестік партия мектебін бітірген 1932 жылы Шымкент қаласындағы ауыл-шаруашылық мамандарын қайта даярлау курсын оқыған. 1932-1934 ж.ж Октябрь ауданы Молотов колхозының хатшысы, сонымен қатар есеп жүргізушісі болып қызмет атқарған. 1932 жылдың 7-тамызындағы Заңы бойынша 1933 жылы мал ұрлаған деп жала жабылып 10-жыл бас бостандығынан айырылған. Бұдан кейін Саурамбаевқа байланысты халық сотының шешімін жою туралы соттың ұйғаруына сәйкес бір жылға мәжбүрлік жұмысқа қалдырылған. 1934-1936 ж.ж Октябрь ауданы Қоңыр-өлең ауылдық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарды. 1937 жылы 110- баб бойынша өкімет билігін шектен шығарғандығы үшін бір жылға шарттылықпен сотталған. 1937 жылы ҚК 74 бабының 1 бөлігі бойынша бұзақылығы үшін Октябрь халық соты ескерту берген. 1938-1940 ж.ж «Қой өсіруші» газетінің жауапты редакторы болып қызмет атқарды. 1940—1942 ж.ж Октябрь ауданының орталығы Көктал селосының хатшысы, одан кейін «Социалистік жол» газетінің редакторы болып қызмет атқарды. 1942 жылы Октябрь ауданы Ынталы колхозында мал шаруашылығы бойынша төраға орынбасарының қызметін атқарды. 1942 жылы КП (Коммунистік партия) мүшесі болып, осы жылы КП қатарынан шығарылып қамауға алынып. Саурамбаев Омар бас бостандығынан айырлып 5-жылға сотталады. 08.1942- 04.1943ж.ж Ұйғыр ауданы Сартоғай ауылында қамауда болып, ҚК 109 және 128- бабы бойынша Облсоттың шешімімен 109 бабы бұзылып, 128- баб күшіне қалдырылған. Көп уақыт өтпей денсаулығына байланысты қамаудан босатылады. 1943-04 1943 ж.ж уақытша жұмысыз. 04.1943-1945 ж.ж Октябрь ауданында мемлекеттік қамтамасыз ету бойынша халықтық комиссариат тапсырысының өкілетті агенті болып қызмет атқарған. 1945жылдың 24-сәуірінде Талды-қорған облыстық НКГБ-нің Октябрь аудандық бөлімімен қамауға алынып. «Саурамбаев Омар Дәуітұлы Кеңестік өкіметтің жеңіліп қалу жағынан сипатталатын үгіттерді жүйелі жүргізгендігі, сонымен қатар жалған ойлармен өкімет пен партия шараларын жамандағандығы үшін». ҚК 58.10- бабының 2 және 58.11-бабы бойынша айыпталды. 1945 жылдың 8-9-тамызында Талды-қорған облысының қылмыстық істер бойынша соттың көшпелі сессиясының үкімімен ҚК 58.10-бабының 2 бөлігі бойынша Саурамбаев Омар Дәуітұлы 10-жыл бас бостандығынан айырылған. 1946 жылы 6 науырызда КСРО жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша сот алқысымен Талды-Қорған сот шешімі бұзылып және іс қайта қаралуға жіберілген. 1957 жылы 15-қарашада Қаз.ССР жоғарғы сот призидумының қаулысымен 1945 жылғы 8-9 тамызындағы Талды-Қорған обылыстық сотының үкімі бұзылып, қылмыстық іс Саурамбаевтың әрекетінде қылмыс құрамында болмауынан өндірісі қысқартылған. Омар Дәуітұлы Саурамбаевты тұтқындау кезінде, келесі отбасы құрамы болған; Саурамбаев Дәуіт-76 жаста. Сауранбаева Әуесер 1936- жылы қайтыс болған. Сауранбаев Каукер – 1908 жылы туылған. Сауранбаев Мұқан 1936 жылы туылған. Бауыры – Саурамбаев Балтабай 1929 жылы туылған.
Омардың ата-бабалары кім?
Әлібек бабамыздан- Сауранбай, Қорабай, Сарбағыс.кезінде ауқаты бай адамдар болған. Қорабай мен Сарбағыс мен туылған жылдары басқа жаққа қоныс аударылған екен, олардан хабар үзілгендіктен, олардың тұқымдары бар ма жоқ па білмеймін. Бірақ білетінім әйгілі Рақымов Сабыр Оңалбайдың ұлы Қорабайдың немересі әкесі ол бертінде белгілі болды. Газеттерде жазылып жүр. Ескерте кететін жай Омар ағанын кұжатында Саурамбаев деп жазылып кеткен екен негізі Сауранбай. Сауранбайдан Бәзіл, Дәут туады. Дауітің кенжесі мен екенмін Бәзіл әкемізде ұл болмағандықтан мені бағып алған екен. Сауранбай Әлібекұлы дәулеті асқан бай адам болыпты. Көктастыдан аққан су Сауранбайдың көк-ала үйір жылқысы су ішкенде аяғы құрғап қалады екен. Қайтыс болғаннан кейін атамыздың басына үлкен де биік етіп тастан қорған тұрғызыпты. Тасын (байдың моласы деп) кейінен Қоңыр-өлеңнің үстінен тас жол түскенде қорғанды бұзып тасын жолға төсетіпті. Сол атамыздың қорғанының орны Қоңыр-өлеңнің басында әлі қаз-қалпында тұр. Бір айта кететін жайт Омар ағайымыздың «Халық жауы» деп ұсталғанда куә болған ақиқат, осы тас қорғанның тұрғызылуы, Сауранбай атамыздың бай болғандығы куәге тартылыпты. Ал Дәуіт әкеміз қарулы, күштің иесі, екі саны екі балғадай сайыскер, тақымшыл, асаудың құлағында ойнайтын, жастайынан Сауранбай атамыздың жылқысын бағып күндіз-түні ат үстінде бейімделіп, ұры қараға жылқының бір тұяғын бермейді екен.
Мен жеті жасымнан бастап ағайым Омардың тәрбиесінде болдым. Ағаның әдеби кітаптары көп болушы еді. Менің алғашқы оқыған «Адасқандар», «Жұмбақ жалау» т.б. көптеген кітаптар менің кітапқа деген сүйіспеншілігімді арттырды. Омар ағам өте сері адам еді. Омар аға өзіде көп оқитын және әңгімені жақсы айтушы еді. Мен, Омар ағайымызды ұстап, Көктал түрмесіне әкелді дегенді естіп жылап, түрменің қақпасына барғанымда қазақ милиционері (ол кісі әлі бар) кет, байдың тұқымы, «халық жауының» күшігі, ендігәрі келетін болсаң сені де қамаймын деп мені шырылдатып түрме қақпасынан қуғанын қалай ұмытасың.
Ал, Омар ағамен бірге тұтқындалған тағдырлас, 1907 жылы Октябрь ауданы Қызыл-еспе ауылында туған, Кіндікбаев Зейнелде бұрынғы аудандық газеттің тұңғыш редакторларының бірі болған, халық мұғалімі, «Соц жол» колхозының мектеп директоры, ҰОС мүгедегі болатын. Бар өмірбаяны осы, баспа сөзде қазір де жазып жүргендей, бұл азаматтардың «халық жауы» деген құқығына қара таңба басып, адамгершіліктерінің тапталуына Сталинің және оның жендеттері Ягода, Ежов, Берияның қан-құйлы да озбырлы тобы ғана кінәлі емес, ең алдымен қиянатшыл үстемдіктің ниетін асыра орындауға тырысқан «Ә» десе «Иә» деген қазағымыздың ауылдағы, жер-жердегі шолақ белсенділері кінәлі емес пе екен деймін. Егер олар өз қазағын, өз туысқандарын, тіпті дәмдес-тұздас жүрген жолдастарын өздері тізіп бермегенде осынша ма адал ниетті азаматтар, жазықсыз жандар, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, абақтыға қойдай шуатылмас еді.
Бұған дәлел Омар Сауранбаев пен Зейнел Кіндікбаевқа Хорғастан Матайға дейін: Сарыбел, Садыр, Үлкенағаш, Китің, Бұрақотыр, Қарамола, Айдарлы құм, Дарбаза құм, Аралдан (Ақарал, Үшарал) Аралтөбе, Ақтөбеге дейін, тіпті асудың ар жағынан көрші ауданнан қаралаушы куәгерлер іздеген.
Омар мен Зейнелдің нағыз «халық жауы» екенін бұлтартпас үшін, осы ниетпен жер-жерден жиналған куәгерлерді, НКГБ-нің жандай шаптарының ұзын санын 570 адамға жеткізгенін айтса да болады. Қазір де, сол кездегі куәгерлердің жер басып жүргені бар болар. Олар осы адамдардың өміріне қанша ма қиянат жасағанын ұмытқам да жоқ.
Сонымен Омар Сауранбаев пен Зейнел Кіндікбаевты бір жылдай тергеп, сүлдері қалғанша қинап, ақыры «халық жауы» екендіктерін кінәсіз болса да күштеп мойындатып екеуіне он жыл түрме кесіп бас бостандығынан айырып бірін Сібірге, бірін Семей түрмесіне айдады да жіберді.
Отыз жасқа толмай кеткен адам 9-жылдың ішінде әбден қартайып, сақал-мұрты ағарып, шашы түсіп, әбден жүдеген. Міне, біз ағайымызбен осындай халде кездестік. Бұған да «тәубә» дедік. Мынадай нәубатте оған жеткен де бар, жетпегендер қанша ма? «Халық жауы» аталынып, өзінің абзал атынан, баспанасынан айырылып азап шекен ағайым түрмеден келген соң 1957жылдың 15 карашада Каз.ССР Жогарғарғы сот призидумынының кауылысымен 1945 жылғы 8-9 тамызындағы Талды-Корған обылыстык сотынын үкімі бұзылып, қылмыстық іс Саурамбаевтың әрекетінде қылмыс құрамының болмауынан өндірісі қысқартылған деп, толық ақталып партиялығы қалпына келіп жаңа өмірге, еңбек ету жолына бірден құлшына кіріседі. «Октябрь» совхозының Ынталы бөлімшесін басқарып, алты жалдай еңбегі жанып, №43-ші Сұлушоқы сайлау округінің және №10-шы Теректі сайлау округінің депутаты болып сайланады. 1961жылы Талғар қаласындағы ауыл-шаруашылық фермерлер дайындайтын курысын тамандады. Омар аға басқарған фермадан тұңғыш Еңбек Ері Айтбала Абданова шығады, бүкіл «Аламан» алқабында дүбірлеткен той өтеді. Сөйтіп өзінің халықтың адал ұлы екенін осылай еңбегімен көрсеті. Не керек көп жылғы қуғын-сүргін жан азабы Омар ағайымның денсаулығына нұсқан келтірмей қоймайды. 1964 жылы 20-мамыр 49-жасында миына қан кетіп кенеттен қайтыс болды.
Өткенді білу парыз. Бүгінгі мен болашақтың үйлесімі қатерлі күндердің қайта келмесіне кепілдік береді.
Сауранбаев Бәзіл-Дәуітұлы Балтабай
«Еңбек ардагері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»